Accessibility links

Бокс триумфы мен допинг дауының арасы


Біржан Жақыптың (қызыл формада) ресейлік Белик Галановты жеңген сәті. Алматы, 18 қазан 2013 жыл.
Біржан Жақыптың (қызыл формада) ресейлік Белик Галановты жеңген сәті. Алматы, 18 қазан 2013 жыл.

2013 жылы Қазақстанның әуесқой бокс құрамасы үздік атанса, «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогын иеленді. Тоғыз қазақстандық ауыр атлет допингпен ұсталды. Азаттықтың спорт оқиғаларына жасаған шолуы.

ҚЫСҚЫ СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Қазақстан шаңғышысы Алексей Полторанин Валь-ди-Фьеммеде (Италия) өткен әлем чемпионатында 50 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Полторанин әріптесі Николай Чебатькомен бірігіп, командалық спринтте де қола медаль алды. Қазақстанға 1995 жылдан бері шаңғы спортынан әлем чемпионатында медаль бұйырмаған еді. Сол жылы қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов Тандей Вэй (Канада) қаласында өткен әлем чемпионатында үш алтын, бір қола жүлде алған. Араға 18 жыл салып, Қазақстан шаңғышылары тағы да әлемдік жарыстың жүлдесін иеленіп отыр.

Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Лондон қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен күміс медаль иеленді. Алтынды канадалық Патрик Чан ұтып алған. Алайда белгілі спортшылар мен жанкүйерлер төрешілердің шешімімен келіспей, алтынға Денис Тен лайық деп біраз шу шығарды. Ал Теннің өзі Азаттыққа берген сұхбатында: «Күміс медаль –
Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.
Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.
Қазақстан үшін үлкен жетістік. Күміс жүлдеге лайық болдым. Алтын алсам, ол кездейсоқ жеңіс болар еді» деп мәлімдеді.

Теннің күмісі – тәуелсіз Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында алған алғашқы медаль.

Конькимен жүгіруден Сочиде (Ресей) өткен әлем біріншілігінде қазақстандық Денис Кузин 1000 метрлік жарыста топ жарып, чемпион атанды. Ол Ванкувер олимпиадасының чемпионы Тай Бум Мо (Оңтүстік Корея) мен екі дүркін олимпиада чемпионы Шани Дэвисті (АҚШ) артқа тастады.

Қазақстан Италияның Трентино қаласында өткен қысқы универсиадада екі алтын, бір күміс, екі қоламен жалпы есепте 15-орын алды.

БОКС ПЕН КҮРЕСТЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР

Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары Біржан Жақып, Мерей Ақшалов, Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов – алтын, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко – күміс , Қайрат Ералиев пен Берік
Мерей Ақшалов (сол жақта) пен кубалық Ясниер Толедо Лопес арасындағы финалдық кездесу. Алматы, 26 қазан 2013 жыл. Алматы.
Мерей Ақшалов (сол жақта) пен кубалық Ясниер Толедо Лопес арасындағы финалдық кездесу. Алматы, 26 қазан 2013 жыл. Алматы.
Әбдірахманов – қола медаль ұтып алды. Қазақстан жалпы есепте алғаш рет бірінші орын иеленді.

Әлем чемпионатына дейін Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан Азия біріншілігінде Қазақстанның бокс құрамасы жеті алтын, бір күміспен жалпы есепте бірінші болған еді.

«Астана арландары» командасы халықаралық бокс федерациясы ұйымдастыратын бүкіләлемдік бокс сериясының финалында «Украин атамандарын» ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Дзю-додан Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақстандық Азамат Мұқанов күміс медаль алды. Ал Варшава қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Владимир Седов қола жүлдегер атанды.

Күрес түрлерінен Будапеште (Венгрия) өткен әлем чемпионатында Нұрмахан Тынәлиев (грек-рим күресі) пен Екатерина Ларионова (әйелдер күресі) қола ұтып алды.

ФУТБОЛДАҒЫ ЕКІҰДАЙ АХУАЛ

Қазақстан чемпионы «Шахтер» командасы чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне жетті. Олар Астанада өткен іріктеу матчында Шотландияның Celtic
"Скендербеу" қақпасына гол соққан "Шахтер" шабуылшысы Сергей Хижниченконы әріптестері құттықтап жатыр. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл.
"Скендербеу" қақпасына гол соққан "Шахтер" шабуылшысы Сергей Хижниченконы әріптестері құттықтап жатыр. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл.
клубын 2:0 есебімен ұтып кетті. Астанадағы матч алдында «Шахтер» жанкүйерлері қара қойды құрбандыққа шалды. Жанкүйерлердің бұл әрекеті Еуропада біраз қызу талқыланды. Кейін Шотландияда өткен қарымта матчта Celtic 3:0 есебімен есе қайтарып, чемпиондар лигасына жолдама алды. Ал «Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап, алты матчтан бар болғаны екі ұпай жинап, 1/16 финалға шыға алмады.

Алматының «Қайрат» футзал командасы Испанияның «Барселона» және Ресейдің «Динамо» клубын ұтып, УЕФА кубогын иеленді.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына іріктеуді сәтсіз аяқтап, өз тобында Фарер аралдарынан ғана басым түсті.

ДОПИНГ ДАУЫ

2013 жылы Қазақстанның тоғыз ауыр атлеті допинг қолданды деп айыпталып, екі жылға спорттан шеттетілді. Олардың қатарында Азия чемпиондары мен универсиада жеңімпаздары бар. Атлеттер жарыстардағы жеңіп алған жүлделердің бәрін қайтарып беріп, Қазақстан ауыр атлетика федерациясына 500 мың доллар айыппұл салынды.

2011 жылы Ресейден кетіп, Қазақстан азаматтығын алған теннисші Ксения Первак 2013 жылы қайта Ресейге кетіп қалды. Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрген канадалық мәнерлеп сырғанаушы Кортни Мансур да 2013 жылы Қазақстан азаматтығынан бас тартты.

Қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаев «ұшақта әйелге қол салды» деп айыпталып, шілденің 21-і күні «Хитроу» әуежайында қамауға алынды. Оның соты 2014 жылдың 14-і қаңтарына жоспарланған. Қазір ол Лондон қаласында.

2014 жылды Қазақстан спортшылары Сочи олимпиадасынан бастайды. Қысқы олимпиадаға қазақстандық 40 спортшы қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG