Accessibility links

Постсоветтік мемлекеттердегі демократиялық ахуал неге ала-құла?


Президент өкілетін ұзартпақ болған референдумға қарсы азамат ЕҚЫҰ ғимараты алдында Қазақстан президенті Назарбаевтың суретін ұстап тұр. Алматы, 13 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Президент өкілетін ұзартпақ болған референдумға қарсы азамат ЕҚЫҰ ғимараты алдында Қазақстан президенті Назарбаевтың суретін ұстап тұр. Алматы, 13 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Freedom House («Фридом Хаус») ұйымы постсоветтік мемлекеттердегі демократияның кешегі және бүгінгі жай-күйіне талдау жасайды.


Ұйымның есебі бойынша, поcтсоветтік кеңістіктегі демократия аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткеріп келеді және оның болашағы Ресейдегі саяси жүйенің өзгеруімен байланысты болмақ.

«1991 жылғы тамыз төңкерісінің сәтсіздікке ұшырауы, Балтық бойы республикаларының CCCР-ден тәуелсіздік алуы, басқа одақтас республикалардың бірінен соң бірі егемендігін жариялауы – Батыс, әсіресе АҚШ күткен нәтиже емес еді» деп жазады Freedom House.

Төңкеріс болардан үш аптадан аз уақыт бұрын Украинаның Жоғарғы Радасында сөйлеген сөзінде президент Джордж Буш «өзін-өзі өлімге бастайтын ұлтшылдықтан» сақтануға шақырып, «АҚШ Одақтың құлағанынан гөрі қайта жаңарғанын құп көреді» дегенді қадап айтқан. Алайда Михаил Горбачевтің реформалар жасауға және елді модернизациялауға барынша тырысқанына қарамастан, советтік жүйені қолдағандар аз болды.

ҚАЗАҚСТАН ЖИЫРМА ЖЫЛДА «ЕРКІНДІГІ ЖОҚ ЕЛ » АТАНДЫ

СССР-дің құлауы «одақтың орнын басқан кейбір мемлекеттер тым болмағанда демократия мен нарықтық экономикаға көшеді» деген үмітті оятты.

1989 жылы Шығыс Еуропа мемлекеттері советтік үстемдік пен коммунистік басқарудан арылды. Одақ құлап жатқан тұста Польша, Венгрия және Чехословакия демократиялық жолға түсіп кеткен еді. Чехословакия кейінірек бейбіт түрде Чехия мен Словакия мемлекеттері болып бөлінді.

Бұдан да жаманы, Югославияның ыдырауы 1991 жылы-ақ басталып, сербтер мен хорваттар арасындағы этникалық қанды қақтығыс шырқау шегіне жеткен еді. «Югославия жанжалы тәуелсіздігін енді алып жатқан, құрамында этникалық азшылықты құрайтын ұлттары бар мемлекеттерге ескерту болды» дейді Freedom House.

Алғашқы белгілер постсоветтік кеңістікте демократия орнайтынына сенгендердің үмітін оята бастады. Тәуелсіздігінің алғашқы жылы – 1992 жылы постсоветтік он бір мемлекет Freedom House ұйымының жыл сайынғы «Дүниежүзіндегі еркіндік көрсеткіші» есебі бойынша жартылай еркін мемлекет ретінде танылды.

Литва «еркін ел» ретінде, ал қалған үш республика – Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан «еркіндігі жоқ ел» ретінде танылды. Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан және Ресей сияқты маңызды елдерге берілген «жартылай еркін ел» мәртебесі – аймақ болашағына жақсы баға бергенмен бірдей еді.

2000 жылы Балтық бойындағы үш мемлекет «еркін ел» мәртебесін алып, НАТО құрамына кірді, Еуропа одағына мүше болуға жол тапты. Алайда демократияның жолы осы тұста тұйыққа тірелді десе болады. 1992 жылы «еркіндігі жоқ ел» ретінде танылған Орталық Азиядағы үш мемлекет – Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы жағдай жақсармады. Олардың қатарына енді бұрын «жартылай еркін ел» болған Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан қосылды. Freedom House «Бұл мемлекеттердің президенттері күмәнді референдумдар мен қайта сайлауда заңсыздықтарға жол беру арқылы президенттік мерзімдерін ұзартуға тырысты» дегенді алға тартады.

Жағдай 2010 жылы одан ары нашарлай түседі. Тек Балтық бойындағы үш мемлекет қана Freedom House ұйымының «Дүниежүзіндегі еркіндік көрсеткіші» бойынша «еркін ел» болып қалды. Қалған 12 республиканың тек бесеуі – Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Украина «жартылай еркін ел», ал қалған жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан да бар, «еркіндігі жоқ ел» болып танылды. Украина 2004 жылдың соңында болған бейбіт түрлі-түсті төңкерістерден кейін жүргізілген реформалардан кейін, 2005 жылы «еркін ел» мәртебесін алған еді. Алайда 2010 жылдың басында Виктор Янукович президенттікке сайланған соң Украина еркіндік көрсеткіші бойынша бұрынғы деңгейінен түсіп қалды.

КРЕМЛЬ БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

«Аймақтағы демократияның ахуалына елеулі әсер еткен жағдай – 2000 жылы Владимир Путиннің билікке келуі болды» дейді Freedom House. Ресей Борис Ельциннің тұсында экономикалық және саяси тұрақсыздықты бастан кешірді. Бірақ соның өзінде демократияның болашақ іргетасы қаланып, еркін баспасөз бен азаматтық белсенді топтар пайда болып, заң шығару жүйесі саяси тұрғыдан жетіле түскен еді. «Ал Путиннің тұсында бұл өзгерістер кері кете бастады. Оппозициялық
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Мәскеу, 19 тамыз 2011 жыл.

партиялар маргиналданып, жетекші телеарналар мемлекеттің немесе билікке жақын бизнесмендердің қолына өтті. Бостандықтың аясы тарылып, үкіметтік емес ұйымдар бюрократиялық және заңнамалық кедергілерге ұшырай бастады. Сот жүйесі режимді сынаушыларды жазалау құралына айналды» деп жазады Freedom House.

Путиннің жолы болуының бір себебі – ол мұнайдың әлемдік бағасы артқан кезде билікке келді, экономикалық және энергетикалық саясатты халықаралық қатынастарда қолдануда асқан шеберлік танытты. Путин Еуропаның қуатты энергетикалық шикізат тасымалдаушыларын ығыстырып, өзінің күшейіп келе жатқан режиміне сын айтушылардың үнін өшіру үшін энергетикалық шикізатты қару ретінде қолданды дейді Freedom House. Путин ұлтшылдық пен көрші демократиялық мемлекеттердегі алауыздықты да өршітіп, Польшаға, Балтық бойы елдері мен Украинаға қорқыту тәсілдерін қолданды. Ресей ұзақ жылғы жауласудан соң, 2008 жылы Грузияға басып кірді.

«Көп жағдайда Ресейдің қимылы жалпы аймақтың тұтас бір жүрісі болып көрінеді» дейді Freedom House ұйымы. Постсоветтік жаңа мемлекеттердің көбісі басында саяси бәсекелестікке, баспасөздің жан-жақты сипатта болуына және қоғамның белсенділігін арттыруға біршама мүмкіндік берген еді. Бірақ кейінгі жылдары бұл республикалар араб елдеріндегідей демократиялық «тапшылыққа» ұшырай бастады. Балтық бойы елдері Еуроодақ құрамына кіріп, бөлініп кетсе, басқа 12 постсоветтік мемлекет «Дүниежүзіндегі еркіндік көрсеткіші» есебінде өлшем етіп алған демократиялық көрсеткіштер бойынша өзге елдердің ең соңында қалып қойған. Ол демократиялық көрсеткіштер – сайлаулар өткізу, саяси плюрализм, ашық және тиімді үкімет, сенім және ой-пікір еркіндігі, ассоциацияның еркін болуы, заңның үстемдігі және жеке адамның бостандығы.

ШАҒЫН ЕЛДЕРДІҢ ҮЛКЕН ҚАДАМЫ

Ұйымның пікірінше, 2003-2005 жылдар аралығында Грузия, Украина және Қырғызстанда жемқор және қатал басшыларды орнынан түсірген түрлі-түсті төңкерістер, ондағы реформашыл және азаматтық белсенділер көршілес және әлемдегі өзге мемлекеттер үшін демократияға өзгерістер жасаудың бірден-бір үлгісі ретінде танылған. Бірақ Қырғызстан мен
Қырғыз президенті Роза Отунбаева. Душанбе, 3 қыркүйек 2011 жыл.

Грузияның жаңа президенттерінің авторитарлық билік жүргізіп кетуі, Украинада жаңа басшылықтың біліксіздігі мен ішкі күрес бұл үлгіден жұрттың көңілін қалдырған еді.

Жаңа президент Құрманбек Бакиев орнынан тайдырылып, өзбектер мен қырғыздар арасында қақтығыс болғанына қарамастан, уақытша президент – Роза Отунбаеваның тұсында Бішкек бейбіт парламент сайлауын өткізіп, «Дүниежүзіндегі еркіндік көрсеткішінде» «еркіндік жоқ мемлекет» деңгейінен «жартылай еркін ел» сатысына көтерілді.

Сол сияқты 2003 жылдан бері реформа мен кері кетуді бастан өткеріп келе жатқан Грузия да елдегі қауіпсіздік пен баспасөз плюрализмінің қалыптасуы арқасында азаматтық еркіндік көрсеткіші бойынша алға шыққан.

Молдовада да 2009 жылғы сайлауда оппозицияның билікке келуі, 2010 жылы баспасөзге көп еркіндік берілуі еркіндік көрсеткішін көтерді.

«Ал Украинада 2010 жылдың басында билікке келген Виктор Янукович баспасөз еркіндігін шектеп, студенттер белсенділігіне тежеу салды. Үкіметтік емес ұйымдарды үрейлендіріп, жергілікті сайлауларды не әділ емес, не еркін емес түрде өткізіп, сот билігіне атқарушы биліктің ықпалын күшейтіп жіберді» дейді Freedom House. Украина постсоветтік Балтық бойына кірмейтін «еркін ел» ретінде танылған жалғыз республика еді. Оның бұл деңгейден түсіп қалуы аймақтағы демократияның құлдилауының белгісі болды.

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АДЫМЫН НЕ ТҰСАП ОТЫР?

«Постсоветтік кеңістіктегі бұл республикалар неліктен еркін сайлаулар өткізіп, демократиялық институттар құра алмады деген сұраққа нақты жауап болмаса да, оған себеп болған мынандай бірнеше фактор бар» дейді ұйым.

Біріншіден, Ресей Путиннің тұсында көршілес деспоттық режимдерді қолдап отырды. Көршілерімен энергетикалық саясат, сауда немесе дипломатиялық салада қандай да бір келіспеушілігі бар болса да, Кремль көршілес авторитарлық билеушілерді олар халықаралық қауымдастық
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) және Ресей президенті Дмитрийй Медведев. Сочи, 22 тамыз 2011 жыл.

тарапынан жауапкершілікке тартылып жатқанында қорғаштап отырады. Мысалы, Минскімен арада энергетикалық сектор мен басқа да салаларда өзара түсініспеушіліктері болса да, 2010 жылы желтоқсанда Беларусьте Александр Лукашенко өткізген жалған президенттік сайлауды Кремль қолдап шықты.

Екіншіден, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей, Түркіменстанда мұнай мен табиғи газдың мол болуы, энергетикалық ресурстарға әлемдік бағаның өсуі – бұл режимдерге жемқорлыққа батқан ішкі желілерді қолдап, халықаралық қауымдастықтың елдегі адам құқықтарының бұзылуын сынауына жол бермеуіне мүмкіндік тудырып отыр деген уәж айтады Freedom House.

Үшіншіден, Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Ресей сияқты елдер көрші мемлекеттермен ұлтаралық қақтығыстарға немесе территориялық жанжалдарға ұрынды.

Төртіншіден, түрлі-түсті төңкерістерге жауап ретінде авторитарлық елдер басшылары оппозициялық партияларды, үкіметтік емес ұйымдарды, тәуелсіз БАҚ пен сот жүйесінің әділетті өкілдерін басып тастауға кірісті. Ұйымның бақылауы бойынша, сырт көздің қадағалауы әлсіреген сайын, қудалау шаралары барынша еркін және арсыз сипат ала бастады.

Бесіншіден, Батыс Еуропа мен АҚШ коммунистік жүйе құлағаннан кейін бірден тек Орталық Еуропаның бұрынғы коммунистік елдері мен Балтық бойы аймағын Куропа одағы мен НАТО құрамына қосып алуға бағытталған маңызды қадам жасады.

Бұған қоса, АҚШ-тың Ресейге қатысты саясаты да әлсіз дейді Freedom House. Мысалы, Ақ үй демократиялық стандарттардың бұзылуын я жоққа шығарарын, я қатты сынарын білмейді. «Еуропа Ресейдегі жемқорлыққа, құқықтық жүйенің бұзылуына, баспасөздің және путиндік Ресейді сынайтын оппозицияның тұншықтырылуына баса назар аудармайды. Мұндай жағдайды ірі көмірсутек шикізатын өндіруші Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиевке қатысты да айта кету керек» дейді Freedom House ұйымы өз есебінде.

Керісінше, Еуропа мен АҚШ Беларусьтің 2010 жылы желтоқсандағы сайлауға наразылық білдірген демонстранттарды қуып таратқанын қатты сынап, Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимощенконың қудалануына назар аудара бастады.

«Алайда Ресей премьері Владимир Путин 2012 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысып, жеңіп шығатын болса, онда оның авторитарлық билігі демократияға қайтадан қауіп-қатерлер туғызбақ» деген болжаммен түйіндейді Freedom House ұйымы өз есебін.
XS
SM
MD
LG