Accessibility links

Ұлттық банк төрағасы 20 мың теңгелік қағаз ақша теңгенің мерейтойына орай шығарылады деп мәлімдеді. Кейбір сарапшылар бұл девальвацияның алдындағы сақтық шарасы болуы мүмкін дейді.

Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко шілденің 26-сы кешкісін www.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференцияда 20 мың теңгелік купюраның шығатынын растады. Бұған дейін бұл туралы ақпарат өткен аптада ұлттық банктің ресми сайтында «2013 жылдың екінші жарты жылдығына арналған қаулысында» жарияланып қоғамда бірқатар талқылау туғызған.

"ҚАҒАЗ ҮНЕМДЕУ"

Азаттық сұхбаттасқан сарапшылар Ұлттық банктің бұл әрекетінен әртүрлі себеп көреді. Экономика ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшановтың ойынша, 20 мың теңгелік қағаз ақша карточкамен төлеу жүйесіне кедергі болуы мүмкін.

- Экономика өскен сайын айналымға түсетін ақшалар да өседі. Бірақ 20 теңгелік қағаз ақша электрондық ақша, карточкамен төлеу жүйесіне керек болмауы мүмкін. 20 000 теңгелік купюра шығару – қағаз үнемдеу, уақыт үнемдеге де жақсы. Алайда бұл – девальвация немесе инфляция алдындағы сақтық шарасы да болуы мүмкін, - дейді экономист.
Рахман Алшанов, "Тұран" университетінің ректоры. Алматы, 7 қыркүйек 2010 жыл.

Рахман Алшанов, "Тұран" университетінің ректоры. Алматы, 7 қыркүйек 2010 жыл.


2011 жылдың желтоқсан айында ұлттық банк басшысы Григорий Марченко «10 мың теңгелік банкнот жеткілікті. Әзірге бізде ешқандай жоспар, дизайн жоқ. Заң бойынша, банкноттың дизайнын президент белгілейді. Дизайнды бекіту банкнотты шығару бір жарым жыл уақыт кетеді» деген болатын.

«ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН САҚТАУҒА КӨМЕК»

Ал ҚазҰЭУ доценті, экономист Ілияс Исаевтің пайымдауынша, ірі купюраның айналымға шығуы – заңдылық. Өйткені ақшаның массасы артқан сайын ірі купюралар пайда болады.

- 20 мың теңгелік банкнот біріншіден ақша айналымындағы шығынды азайтады. Екіншіден, халықтың табысын сақтауға көмектеседі. 20 мың теңгелік купюра шығарудың девальвацияға немесе инфляцияға, доллардың қымбаттауына еш қатысы жоқ. Бұл керісінше, халықтың табысының молайғанын, экономиканың өскенін білдіреді. Қазір Қазақстанда 11 триллион теңге жүр. Халықтың көбі ақшасын үйде сақтайды. Ал сол ақшаны сақтауға осы 20 мың теңгелік купюра көмектеседі, - дейді маман Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
Григорий Марченко, Ұлттық банк төрағасы. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.

Григорий Марченко, Ұлттық банк төрағасы. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.


Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко шілденің 25-і кешкісін www.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференцияда «20 мыңдық банкнот – мерейтойлық» деп мәлімдеді.

«Теңгеге 20 жыл, оған балама 20 мың теңгелік. Алғашқы мерейтойлық банкнот 2001 жылы шықты, онда Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл толған болатын. Сондықтан естеріңізге сала кетейін, мерейтойлық банкноттар есте қалар шараға арналады. Мерейтойлық банкноттардың маңызды рөлі бар, оларда жаңа технология, жаңа қорғаныс қолданылады. Егер бәрі дұрыс өтсе, осы мерейтойлық ақшаның негізінде айналымдық ақша жасалынады. 20 мың теңгелік мерейтойлық банкноттың инфляция мен құнсыздануға қатысы жоқ» деп мәлімдеді Григорий Марченко.

Марченконың мәлімдемесінен соң көп ұзамай Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да "теңге девальвациясының болмайтыны" туралы сөздері жарияланды. Ақорданың ресми сайтында: "Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды" деген хабарлама шықты.

20 мыңдық қағаз ақшаны Беларусь, Чили, Колумбия сияқты бірқатар елдер қолданады.

"Теңгенің құнсыздануы мүмкін бе?" Сауалнама:

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG