Accessibility links

Сарапшылар полиция туралы заң жобасына наразы


"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған "жол полициясы" қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған "жол полициясы" қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

«Қазақстан ішкі істер министрлігі дайындаған «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасы қоғамдық бақылауға жағдай жасамай отыр, олар ұсынған қоғамдық кеңестерге нақты құзыр берілмеген» дейді тәуелсіз сарапшылар.

2011 жылы маусымның аяғында ішкі істер министрлігінің сайтына осы ведомство дайындаған «Ішкі істер органдары туралы (жаңа редакциясы)» заң жобасы шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл заңды қабылдауды 2012 жылы тапсырды. Бұл ретте әңгіме тұжырымдаманы мұқият қайта жасап шығару туралы болып отыр деп ерекше атап өтілді.

СӨЗ БЕН ІС

Заңгер және құқық қорғаушы Евгений Жовтистің пікірінше, заңды ішкі істер министрлігінің дайындағаны – қалыптан тыс жайт. «Министрлік не ведомство бұл жобаға өз мүдделеріне сай барынша көп ереже енгізуге тырысады» дейді Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушының айтуынша, бірқатар ережелерге қарағанда бұл заң жобасы оның ойынан шығыпты. «Ішкі істер органдары туралы» қазіргі заңнан бірқатар аса маңызды айырмашылығы бар дейді полицияның азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қалай қорғауға тиісті екені жазылған тарауды айтқан Евгений Жовтис.

– Азаматты кез келген себеппен тұтқындау кезінде оған құқықтары туралы мәлімет
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 сәуір 2012 жыл.
беру керек деген полиция қызметкеріне тікелей нұсқау ақыры пайда болды, – дейді Евгений Жовтис.

Полицей азаматқа өзін таныстырып, қызмет куәлігін көрсетіп, тұтқындауының негіздері мен себептерін айтуы керек; оның адвокат жалдауға және қызметкердің іс-әрекеттері туралы шағым арыз беру, адвокат келгенше түсінік немесе куәлік беруден бас тарту құқы бар екенін ескертуге тиіс; азамат өзінің қайда екенін не болмаса қайда бара жатқанын, тұтқындалу себебін туыс-туғандарына хабарлау үшін бір мәрте тегін қоңырау шалу еркі бар екенін есіне салуы керек.

Жовтистің сөзіне қарағанда, осы ережелердің барлығын құптамасқа болмайды, «тек бұл ережелердің іс жүзінде қалай іске асатыны – маңызды».

«ПІКІР ЕСКЕРІЛМЕДІ»

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының жетекшісі Назгүл Ерғалиева заң жобасын дайындау барысында қоғамдық ұйымдардың пікірлері ескерілмегенін айтады.

– Былтырғы екі бас қосуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері айтқан ескертпелер,
Құқықтық саясат зерттеу орталығының жетекшісі Назгүл Ерғалиева. Алматы, 9 тамыз 2011 жыл.
Құқықтық саясат зерттеу орталығының жетекшісі Назгүл Ерғалиева. Алматы, 9 тамыз 2011 жыл.
түсініктер мен ұсыныстардың дені заң жобасының ақырғы нұсқасында болмады, – дейді Назгүл Ерғалиева.

Оның ойынша, заң жобасы ішкі істер органдарының қызмет тәсілдерінің түбегейлі жаңаруына ықпал етпейді.

– Біз айтып отырған кешенді әдістердің бірі дегеніміз – ішкі істер органдары қызметкерлерін қоғамға қызмет етуге ынталандыру шаралары мен олардың қызметінің сапасын бағалаудың жаңа өлшемдері болуы мүмкін. Бұл – олардың қызметін қоғамның тиімді бақылап отыруы. Яғни халық пен ішкі істер органдары арасында байланыс болуы қажет, – дейді Назгүл Ерғалиева.

УАҚЫТША ШЕШІМ

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ішкі істер органдары туралы заңға министрлік пен аймақтық бөлімшелерде ішкі істер органдарының қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестер құру туралы бап енгізуді ұсынып жатыр.

Назгүл Ерғалиеваның айтуынша, бұл бапта қарама-қайшылықтар бар: бір жағынан, жобаны дайындағандар қоғамдық бақылау туралы бапты әкеп қосқан, екінші жағынан «Қоғамдық кеңестің шешімдері ұсыныс сипатына ие» деген тұжырымды қосып, жаңағы бапты жойып отыр.

– Кез келген бақылау тетігі әлдебір шешімдерді қабылдауды мақсат тұтуы керек. Әйтпесе бақылаудың ешқандай пайдасы жоқ, – дейді Назгүл Ерғалиева.

Оның ойынша, осы баптың екінші тармағының тұжырымдамасы – «Қоғамдық кеңестер министрлік пен оның аймақтық бөлімшелерінің консультациялық-кеңес органдары болады» деген сөз де қисынсыз.

Назгүл Ерғалиеваның айтуынша, «қоғамдық кеңестер тәуелсіз институт болуы керек» екеніне баса назар аударған жөн.

Алматы заң корпорациясының қызметкері, заңгер Александр Перегрин қоғамдық бақылау органдарының нығаюына қарсылық білдіріп, «Бұл қадағалаушы органдарды әлсіретуі мүмкін» деді.

– Қазақстанда әзірше тиімді бақылау институттары жоқ, сондықтан қоғамдық кеңестер түріндегі шаралар жасалып жатыр, – дейді Александр Перегрин.

Ол «ішкі істер министрлігі тарапынан бір заңсыздық болып жатса, оны қоғамдық кеңестің шешімімен бүркемелеуі мүмкін» деп алаңдайды.
XS
SM
MD
LG