Accessibility links

АҚШ Иранның пасторды өлім жазасына кескенін айыптады


Ирандық пастор Юсеф Надархани.
Ирандық пастор Юсеф Надархани.
АҚШ Иранның исламнан бас тартып, христиандықты қабылдаған пастор Юсеф Надарханиді өлім жазасына кескенін айыптады.

Азаттық радиосы Парсы қызметінің хабарлауынша, Юсеф Надерхани 19 жасында исламнан бас тартып, христиандықты қабылдаған. 2009 жылы Решт қаласында пастор қызметін атқарып жүрген кезінде ұсталған. Кейін сот оны дінін сатты деп айыптап, дарға асуға үкім шығарды.

Ақ үй бұл туралы мәлімдеме таратып, Надарханиге қатысты үкімді "Иранның халықаралық міндеттемелерді, өз конституциясын және діни құндылықтарды кезекті рет өрескел бұзғанын көрсетеді" деп бағалады.

Иранның жоғарғы соты егер Юсеф Надархани өз райынан қайтса, үкім жойылатынын айтты.

АҚШ әлем елдерін Иран билігінен пасторды босатуды талап етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG