Accessibility links

Қажылыққа мотоциклмен бара жатқан қариялар


Әбсаттар Ормановтың қолдан жасаған көлігі көшедегі көлік нөпірінде. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Әбсаттар Ормановтың қолдан жасаған көлігі көшедегі көлік нөпірінде. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Өзбекстандық ерлі-зайыптылар – Әбсаттар Орманов пен Мәрия Тахирова қолдан жасаған көлікке мінгесіп, қыркүйектің 3-і күні Ташкент қаласынан қажылық сапарға шықты.

Үстіндегі күркесі болмаса, үш дөңгелекті бұл көліктің сыртқы тұрқы мотоциклге келіңкірейді. Күркесі екі бөліктен тұрады. Алдыңғысы – жүргізушіге арналған бір кісілік кабина, артқы бөлігі – ересек адам белін жазып тыныға алмайтын, бірақ лаждап отыруға болатындай қорап.

ЖОЛ – ЖЕТІ МЫҢ ШАҚЫРЫМ,
ЖЫЛДАМДЫҚ – САҒАТЫНА 50 ШАҚЫРЫМ


– Мен бұл көлікті механик досыммен бірге түрлі техниканың қосалқы бөлшектерінен жасап шығардым. Кез келген көлік үшін ең бастысы мотор емес пе? Мұның моторы мықты. «Ямаха» мотоциклінікі. Бірақ жылдамдығы да мықты деп айта алмаймын. Әрі кеткенде сағатына 50 шақырым жол жүреді. Жер шалғай болғандықтан көлігіме күш салмай, аяңдап қана келемін, –деді Әбсаттар Орманов.

Зейнет демалысына теміржол саласынан шыққан Әбсаттар Ормановтың жасы 67-де екен. Осыған дейін алты жыл қатарынан Меккеге велосипедпен барып ​
Меккеге қолдан жасалған көлікпен бара жатқан өзбек азаматы Әбсаттар Орманов. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Меккеге қолдан жасалған көлікпен бара жатқан өзбек азаматы Әбсаттар Орманов. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
келіпті. Өз айтуынша, жыл сайын Өзбекстаннан шығып, Қазақстан аумағын басып өтіп, Каспий теңізін асып, Әзербайжан, Түркия арқылы Сауд Арабиясына барып жүрген.

– Ташкент пен Меккенің ара қашықтығы – жеті мың шақырым. Велосипедпен Мекке үш айлық жол жүріп жететінмін. Түркіменстан-Иран-Ирак бағытымен жүрсем, бес мың шақырымдай ғана жол жүрер едім. Бірақ мен Каспий асып, ТМД аумағымен сапарлатқанды жөн көрдім. Үйреншікті жолым. Осы жолдың бойында «құдайы қонақ» деп төбесіне көтеретін достарым да көп. Осының бәрі – Алланың нәсіп еткені, – дейді қажылық сапарға жетінші мәрте шыққан өзбек азаматы.

«КЕЛЕР ЖЫЛЫ ТАҒЫ БАРАМЫН»

«Шымкент-Самара» тас жолының бойында көлігі бұзылып, аялдап тұрған Әбсаттар Ормановты ақтөбелік азамат, жергілікті «Нұрғасыр» мешітінің бас имамы Жайылхан
Ақтөбелік Жайылхан Әбдісалам Әбсаттар Ормановты (оң жақта) шығарып салып тұр. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Ақтөбелік Жайылхан Әбдісалам Әбсаттар Ормановты (оң жақта) шығарып салып тұр. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Әбдісалам өз үйінде екі күн қонақ етті. Осы аралықта ол жолаушының көлігін жөндеуге көмектессе, басқа ақтөбелік азаматтар қаржылай қолдау жасаған.

Өзі де 2007 жылы Меккеге барып келген Жайылхан Әбдісаламның айтуынша, ол жыл сайын қажылыққа баратын Әбсаттар Ормановпен бұрын-соңды таныс емес. Бірақ қонақтарын қала сыртына дейін шығарып салып, Маңғыстаудағы достарына телефон соғып, «күтіп алып, паромға мінгізіп жіберерсіңдер» деп тапсырып жатты.

- Бәрі де Алланың ризашылығы үшін, - дейді Жайылхан қажы.

Көрген жұрт мойын бұрып, қызықтап жатқан айрықша көліктен қажылықты бетке алған Мәрия Тахированың аяғы салбырап шығып тұрды. Бұл – Мәрия Тахированың
Мәрия Тахирова ері Әбсаттар Ормановтың қолдан құрастырған көлігінде отыр. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Мәрия Тахирова ері Әбсаттар Ормановтың қолдан құрастырған көлігінде отыр. Ақтөбе, 26 қыркүйек 2012 жыл.
Меккені алғаш рет бетке алуы.

– Отағасының көзі нашар көретіндіктен қас қарая тоқтап тұрамыз. Оның үстіне Қазақстанның жолдары да нашар екен, – дейді ол.

Жиырма тәуліктен астам жол үстінде келе жатқан әйелдің жүзінде шаршағандықтың белгісі де, реніш те жоқ – жылы жымиып қана отырды.

Қолдан жасап алған көлігіне шағын газ плитасын, шатыр мен ұйықтайтын жылы қап, тағы да басқа керек-жарағын тиеп алған Әбсаттар Ормановтың есебінше, Меккеге құрбан айт мейрамынан бір апта бұрын жетуілері тиіс.

– Жолдың бейнеті аз емес. Бірақ мені осы сапар тартады да тұрады. Алла нәсіп етсе, келер жылы тағы барамын, – дейді ол.
XS
SM
MD
LG