Accessibility links

Белсендінің көлігі өртенді


Белсенді Ермек Нарымбаев өртенген көлігін көрсетіп тұр. Алматы, 24 қазан 2013 жыл.

Белсенді Ермек Нарымбаев өртенген көлігін көрсетіп тұр. Алматы, 24 қазан 2013 жыл.

Алматыда қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевтың көлігі өртенді. Белсенді бұл оқиғаның жай ғана бұзақылық екеніне сенбейді.

Қазанның 24-іне қараған түні қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевтың көлігі өртеніп кетті. Оған бұл хабарды оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен полиция айтқан.

– Түнгі сағат 4-тен 10-15 минут кеткенде біреулер «Полиция! Есікті ашыңыз!» деп есігімді қақты. Мен «қоғамдық қызметіме қатысты біреулер қастандық жасауды көздеп келген болар» деп сескеніп ашпадым. Сосын олар есіктің арғы жағынан «көлігіңіз өртеніп кетіпті, сыртқа шықсаңыз» деді. Терезеден шынымен де өрт сөндіру машинасын, бір топ адамдарды көргеннен кейін шықтым, – дейді Ермек Нарымбаев Азаттыққа.

«БҰЛ БҰЗАҚЫЛЫҚ ЕМЕС»

Оның сөзінше, куәгерлер өртеніп жатқан Nissan Terrano көлігін көріп, түнгі сағат 4-тің кезінде өрт сөндіру қызметін шақыртқан, «олар тез келіп, өртті 5 минуттың ішінде сөндірген».

– Куәгерлердің сөзінше, түнгі сағат 3.30 шамасында қара киім киген үш жігіттің жүгіріп бара жатқанын байқаған. Меніңше, бұл бұзақылық емес. Өйткені менің көлігімнің жанына судай жаңа Mercedes тұрған, ол машинаға тиіспеген. Ал менің Қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаев көлігі бүтін кезінде жанында тұр. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

Қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаев көлігі бүтін кезінде жанында тұр. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

1993 жылғы Nissan Terrano көлігім кімге керек? Әзірге менің болжамдарым бар, бірақ оларды айту әлі ерте, – дейді Ермек Нарымбаев.

Ермек Нарымбаевтың сөзінше, көлігінің сол жақ алдыңғы дөңгелегінен басталған жалын көліктің моторы мен салонын түгел өртеген.

– Кеше мен банктерге қатысты баспасөз мәслихатын өткіздім. Түскі 2-де келдім. Автокөлік аулада тұрды. Меніңше, дөңгелекті сау тамтығы қалмай өртеу үшін бір зат құйылған да болуы мүмкін, – деді Ермек Нарымбаев Азаттық тілшісіне.

Әуезов ауданының ішікі істер басқармасы «оқиғаға қатысты тек рапорт жазып алғанын, енді өрт сөндіру қызметінің арнайы сараптамасынан кейін іс қозғау мәселесі шешілетіндігін» айтты.

Алматы қаласы өрт сөндіру қызметі тергеу бөлімінің аға тергеушісі Қайрат Исләмбековтің сөзінше, «сараптама бір айдан кейін аяқталады».

– Оқиға қатысты іс сараптамада жатыр. Ол шамамен бір ай өтеді, содан кейін көлік қасақана өртенді ме әлде өзге де себептері бар ма – анықталады. Сараптама нәтижесі қандай болса да біз істі ішкі істер департаментіне өткіземіз, іс қозғау мәселесін солар шешеді, – деп жауап берді Қайрат Исләмбеков.

НАРЫМБАЕВТЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Соңғы кездері «Каспий» және «Альянс» банктерінен несие алушылар құқығын қорғап жүрген Ермек Нарымбаев банктерді «пайыздарын көбейтіп, клиенттерін алдаған» деп айыптап, баспасөз маслихатын өткізген. Содан кейін «Альянс» банкінің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев «атыма кір келтірді» деп, Ермек Нарымбаевты сотқа беретінін айтқан.

Оппозиция белсендісі, «Арман» қоғамдық ұйымының жетекшісі болған Ермек Нарымбаев 2010 жылы мамырдың 1-інде демократиялық күштердің Алматыда Полицейлер "Назарбаев, кет!" деген Ермек Нарымбаевты сот залына апара жатыр. Алматы, 2 мамыр 2010 жыл.

Полицейлер "Назарбаев, кет!" деген Ермек Нарымбаевты сот залына апара жатыр. Алматы, 2 мамыр 2010 жыл.

өткен жиынында «Назарбаев, кет!» деп ұрандап, полицияға ұсталған. Оған «полицейлерге күш көрсетті» және «сотты құрметтемеді» деген айыптар тағылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

Ермек Нарымбаев жазасын өтеп жатқанда ол жетекшілік еткен «Арман» ұйымы сот шешімімен жабылды. Абақтыда бір жыл тоғыз ай отырып, амнистияға ілінген Ермек Нарымбаев 2012 жылы ақпанның 25-інде түрмеден шықты. Ол 2011 жылдың қаңтарында «елдегі демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін» оппозицияның «Азаттық» сыйлығын алды.

Ермек Нарымбаев 2012 жылы сәуірдің 28-інде «Қарсылық митингісінде» тұтқындалып, оған әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, 1 айлық есептік көрсеткіш – 1731 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Бұдан кейін де Алматы әкімшілік соты қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевты «рұқсат етілмеген жиын ұйымдастырды» деп айыптап, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ал Нарымбаев 30 қыркүйекте БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі алдында «Протон-М» зымыранының ұшырылуына наразылық білдірген акцияға «ұйымдастырушы емес, жай қолдау білдіруші ретінде» қатысқанын айтады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG