Accessibility links

Жаңаөзен мен Шетпе халқына көмек беру қоры құрылды


Жазушы Софы Сматаев (оң жақта) және саясаткер Төлеген Жүкеев баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.

Жазушы Софы Сматаев (оң жақта) және саясаткер Төлеген Жүкеев баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.

Қорды құрған азаматтардың айтуынша, билік әуелі бүлінген әкімшілік ғимараттарын қалпына келтіруден қолы босамағандықтан оқиға кезінде зардап шеккен отбасылардың жағдайы қазіргі кезде мүлде назардан тыс қалып отыр.


Олар ең әуелі көмектен қағылған отбасыларға материалдық тұрғыда қолдау жасайтындарын айтып өтті.

- Қазір 17 азамат қайтыс болды деген ресми ақпарат бар. Ең бірінші біз сол азаматтармен байланысқа шығамыз. Бірінші кезекте сол отбасыларға көмектесуге тырысамыз. Одан кейін із-түзсіз жоғалғандар бар. Сосын әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар бар. Әсіресе, 7 айдан бері ереуілдеген мұнайшы отбасылар, - деді құрылтайшылардың бірі, қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.

Қор өкілдері Жаңаөзен халқына кез-келген тұрғыда (зат, киім, ақша т.б) көмектерді қабылдай беретінін мәлімдеп, елдегі барлық азаматтарды соған үлес қосуға шақырды. Олардың айтуынша, қорға түскен қаржы-қаражат, заттардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы көпке ашық түрде қабылданып, Жаңаөзен халқына жеткізіледі.
Қор өкілдері Жаңаөзен халқына кез-келген тұрғыда (зат, киім, ақша т.б) көмектерді қабылдай беретінін мәлімдеп, елдегі барлық азаматтарды соған үлес қосуға шақырды.

Жаз айында «Халық майданы» қозғалысы «Мұнайшыларды қолдау қорын» құрып, арнайы есеп-шот ашылған еді. Ақпарат бойынша, қазіргі кезде бұл есепшот құлыпталып, тексеріліп жатыр. Сәрсенбі күні өткен баспасөз жиынында бірқатар мамандар «жаңадан құрылған қордың да тағдыры осылай болмай ма» деп қауіп айтысып, «қай банктен есеп-шот ашу керектігі» жөнінде қор өкілдеріне кеңестерін беріп жатты.


АҚЫННЫҢ СЫНЫ МЕН РЕЖИССЕРДІҢ ҮНДЕУІ

Сәрсенбілік жиынға бірқатар қоғам қайраткерлері де қатысып, халықты ашындырып, Жаңаөзендегі оқиғаға түрткі болған билікті айыптап жатты.
Жазушы Софы Сматаев Жаңаөзен оқиғасына орай жазып жатқан поэмасынан үзінді оқып беріп, зиялы қауымды, ақпарат құралдарын оқиғаны еш бүкпесіз халыққа жеткізуге шақырды.




Ол «өз қазағын өзі атқызған жоғарыдағы билік, жоғарыдағы төрелер, әкімдердің әкімі халық алдында қарғыс таңбасын маңдайына басқызып жауап беруі керек» деді.

- Сонда ғана ана билікті тұқыртып әкеп, алдымызға иілтіп әкеліп, өзі жасаған қанды Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.

Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.

қолды жуғызып отырып, солардан кек қайтарамыз, солардан жауап аламыз. Солардың мойнына анау боздақтардың қанын жүктеп саламыз. Сонда ғана олар біздің алдымызда өздерінің жауабын береді, өздерінің құнсыздығын біздің қыршындардың қиылғанына себеп болғанын білдіреді, - деді Софы Сматаев.

Жиында сөйлеген режиссер Болат Атабаев Жаңаөзендегі толқуды 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен салыстырды.

- Жалпы өзі біртүрлі жағдай: 1986 жылғы Желтоқсан мен 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиға. Бұл не деген алжығандық? Біз сол күйі тарихтан ешқандай сабақ алмаған екенбіз. Сол трагедияны қайта қайталадық, - деді Болат Атабаев.

Ол үш жылдан бері жаңа жылын Назарбаевсыз қарсы алып келе жатқанын, яғни оның құттықтауын қабылдамайтынын айтып, барлық азаматтарды осылай жасауға шақырды.

«ОЛИГАРХИЯЛЫҚ ФАШИЗМ»

Саясаткер Төлеген Жүкеев Жаңаөзендегі оқиға - биліктен әлі күнге дейін үміт күтіп келген азаматтардың сеніміне балта шапқанын, енді олардың жоғарыға деген сенімінің мүлде жоғалғанын айтып өтті.
Cаясаткер Төлеген Жүкеев (оң жақта) және Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.

Cаясаткер Төлеген Жүкеев (оң жақта) және Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан баспасөз мәслихатында. Алматы, 28 желтоқсан 2011 ж.


Елде «олигархиялық фашизм» жүйесінің жылдар бойы қалай орнығып келгенін ұзақ баяндаған саясаткер режимнің ерекшеліктерін талдап шығуға тырысты.

- Кейбіреулер бұл көркем образ, философиялық-саяси зорайтып көрсету деп ойлаған еді. Бұл олигархиялық фашизмнің белгілері қандай? Мен тіпті қайсыбірінен 1920-1930 жылдардағы билікке Муссолини келген кездегі Италия тарихына оралуды өтінген едім: жаппай сөз бостандығын, ақпаратты, газеттерді тұншықтыру, депутаттарды, қоғам қайраткерлерін арандату, өлтіру, үнемі басып отыру..., - деді Төлеген Жүкеев.

Саясаткердің айтуынша, «іріп-шіріген мұндай режимнің бітетін күні жақын».




Жаңадан ашылған қорды қолдайтынын айтқан экономист Мұхтар Тайжан «Қазмұнайгаздың» сыртқы қарызы 16 миллиард АҚШ долларынан асып кеткенін, осы қаржының қайда жұмсалып жатқаны қазіргі кезде тасада қалып қойғанын сынады. Оның пікірінше, егер мұнай табысы дұрыс бөлінсе, Маңғыстаудағы әрбір мұнайшының әлдеқайда жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG