Accessibility links

Адвокат пен прокурор: теңдік қашан орнайды?


Сот залында. Қазақстан, желтоқсан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Сот залында. Қазақстан, желтоқсан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Адвокаттардың айтуынша, Қазақстанда олардың тәуелсіздігі тек қағаз жүзінде жазылған, ал іс жүзінде қылмыстық істі қарауға қатысуларына және азаматтардың өз еркімен адвокат таңдауына жол берілмей келеді. Бірақ бұл пікірге қарсылар да бар.


Қазақстанның конституциясында және Қазақстан ратификациялаған адам құқы туралы халықаралық пактіде әр адамның адвокат жалдауға хақы бар екені және қорғаушыны өзі таңдайтыны жазылған.

Алматыдағы адвокаттар алқасының мүшесі Данияр Қанафин азаматтардың сотта тәуелсіз, білікті адвокатсыз әділдікке жетуі мүмкін емес екенін айтады.

АДВОКАТТАР ТЕҢДІК СҰРАЙДЫ

Қазақстанда тәуелсіз адвокаттар бар және азаматтар олардың арқасында әділдікке жетеді деген пікірге жоғарғы сот судьясы және Қазақстан судьялар одағының басшысы Владимир Борисов қарсы. Ол «адвокаттардың рөлін күшейту үшін әлі де жұмыс істеу керек» дейді.
Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі, қазір парламенттегі сот-құқықтық реформалар комитетіне енген депутат Светлана Бычкова адвокаттардың тәуелсіздігі қылмыстық-процессуалдық кодексте (ҚПК) және адвокаттық қызмет туралы заңда қарастырылған дейді.

«ҚПК және адвокаттық қызмет туралы заңда адвокаттардың тәуелсіздігіне кепілдік берілген. Бірақ ол «Қазақстан адвокаттар қоғамы адвокаттардың үстінен қылмыстық іс қозғап, қудалаудан қорғайтын заң қабылдау керек екенін ұсынып отыр» дейді. Светлана Бычкова мұнан өзге «ҚПК-де адвокаттың құзырлары кең қарастырылған, адвокаттар ол өкілеттіліктерді сауатты, заңды, орынды қолдана білсе, кез келген азаматты сотта қорғап шыға алады» деді.

«ПРОКУРОРДЫ АДВОКАТПЕН ТЕҢЕСТІРУ КЕРЕК»

Тәжірибелі адвокат Данияр Қанафиннің айтуынша, бұл заңдар бар болғанымен, кейбір жағдайларда іске аспайды. Қазақстанда адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, оның қызметіне кепілдік беретін халықаралық пактілерге қайшы келетін жағдайлар бар.

- Адвокаттарға қысым жасау, олардың тәуелсіздігін шектеу, жұмысына бөгет жасау - қоғамдағы құқықтық тепе-теңдіктің бұзады. Бұның бәрі түбінде қоғамды жағымсыз жағдайларға ұрындыруы мүмкін, - дейді ол.

Жоғарғы соттың судьясы Владимир Борисов мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының теңдігін қамтамасыз ету туралы бірнеше рет ұсыныс айтты. Өйткені, оның ойынша «іс жүзінде, мұндай теңдік жоқ».

Мемлекеттік айыптаушы Данияр Әліпов сот отырысында. Атырау, 3 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Мемлекеттік айыптаушы Данияр Әліпов сот отырысында. Атырау, 3 желтоқсан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Светлана Бычкова «ҚПК-нің 23-бабында айыптаушы мен қорғаушының бәсекесі мен теңдігі жазылған, ол іс жүзінде де орындалады» дейді. Яғни адвокаттардың істі қарауына ешкім бөгет жасамайды.

Бірақ Светлана Бычкова істі қарауға адвокаттың сотқа дейін де араласуын қамтамасыз етуіміз керек дейді. Ол «Сондықтан, прокурорды айыптаушы құқынан ажыратып, оны адвокатпен теңестіру керек» екенін айтты.

АДВОКАТҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ НЕГЕ ЖАБЫҚ?

Алматыдағы адвокаттар алқасының төрағасы Кенжеғали Қаршегенов «Прокурор мен адвокаттың теңдігі көбінесе сақталады. Бірақ кейде прокурор қарсы шыққан сот шешімдері алқа отырысында қаралады да, ал адвокат қарсы болған үкімдерге қатысты шешімдерді судьяның жеке өзі қабылдай береді. Біз мұнымен келіспейміз» дейді.

Данияр Қанафин «Қазақстандағы сот ісін жүргізу жүйесін өзгерту керек» дейді. Себебі, бұл жүйеде репрессия басым: сотта ақталып шыққандар аз. Адвокаттар тарапынан айтылатын қарсылық пен ұсыныстарға өкілетті органдар мән бермейді. Олардың қарсылығы көбінесе ескерілмейді.

- Адвокаттардың мемлекеттік құпияны білуге берген талаптары ешқашан орындалмайды. Қазақстанда адамдардың адвокат таңдау еркіндігіне шектеу қойылады, бұл саяси және азаматтық құқықтар туралы халықаралық пактіге қайшы, - дейді ол.
Адвокатқа мемлекеттік құпиялар жабық. Ал адамдардың адвокат таңдау еркіндігіне шектеу қойылады, халықаралық пактіге қайшы.

Ал Светлана Бычкова «ҚПК-де адамдардың адвокат таңдауына шектеу жоқ» дейді. Бұл пікірді теріске шығарған Данияр Қанафин адвокаттардың мемлекеттік құпияға қол жеткізу туралы талаптарының орындалмауының өзі заңсыздық екенін айтты. Өйткені мемлекеттік құпияны білуге ешбір заң тыйым салмайды.

Қазақстанның сот жүйесіндегі адвокаттардың құқы мен орны мәселесі Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде талқыланды. Мақаланың орыс тіліндегі аудио нұсқасын мына жерден тыңдауға болады:

please wait

No media source currently available

0:00 0:23:49 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG