Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауға билік қана араласпайды


Украинадағы жасылдар партиясының атом ядролық блогын салуға қарсылығы кезінде. Киев, 24 сәуір 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинадағы жасылдар партиясының атом ядролық блогын салуға қарсылығы кезінде. Киев, 24 сәуір 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Экологтар Қазақстанда атом электр станциясын салуға мораторий жариялауды талап етеді. Оларға қарсы уәж айтушылар экономикалық тиімділікті алға тартады.


Мамырдың 23-і күні түрлі қоғамдық ұйым өкілдері Қазақстанда АЭС салуға мораторий жариялауды талап етіп, билікке үндеу жолдады. Олар елдің энергетика саласын дамытудың стратегиясын да қайта қарау керегін айтады.

– АЭС салатындай Қазақстанның басына не күн туды? Бұлайша тәуекел еткенше, елде энергияның тиімді көздерін дамыту керек, – деді «Экофорум» президенті Қайша Атаханова 23 мамыр, дүйсенбі күні өткен экологиялық ұйымдардың дөңгелек үстелі барысында.

«ҚАЗАҚСТАН – СЫНАҚ АЛАҢЫ»

Бұл жиынға ресейлік инженер-ғалым, «Росатомның» бұрынғы өкілі, эколог Олег Бодров та шақырылған екен. Ол АЭС саламыз деген Қазақстанның «қауіпке басын тігіп отырғанын» айтады. Оның айтуынша, Маңғыстауда орнатылмақ реактор – бұрын тәжірибе алаңында
Ресейлік инженер-физик, эколог Олег Бодров. Алматы, 23 мамыр, 2011 жыл.

сыналмаған, тек қағаз жүзінде ғана бар жоба. Бұл тұрғыдан алғанда, ғалымның пікірінше, Қазақстан – Ресей технологиясының сынақ алаңы болуы мүмкін.

– Маған Нижний Новгородтағы ресейлік компанияның атом станциясын Ресейден емес, неге Қазақстаннан салуды ұсынып отырғаны қызық. Ең болмағанда әдеп сақтап, «мынаны салуға болады», «бұл қауіпсіз» деп дәлелдеуі керек еді. Содан кейін ғана ұсыныс жасауға болады, – дейді Олег Бодров.

Оның пікірінше, Қазақстанда атом станциясын салып, одан құтыла алмай жүргеннен гөрі энергияның тиімді көздерін табу тиімдірек.

– Қазақстанда күн, жел энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі мол. Жарық та, жел де жетеді. Менің ойымша, осы бағыттың дамымауы болашақта түрлі қиындық туғызуы мүмкін. Себебі көптеген елдер өндіріс қалдықтарын басқа жаққа, үшінші елдерге төгуге тырысып жатыр. Бұл мәселеге мән бермей отырған Қазақстан осындай «қақпанға» түсіп қалуы мүмкін, – дейді Олег Бодров.

АЭС-ті қолдайтын мамандар Қазақстанда энергияның тиімді көздерін дамытудың ел үшін қымбатқа түсетінін айтады. Ал Олег Бодров бұл пікірмен келіспейді.

– Біріншіден, қазіргі заманның жел қондырғылары атом станциясы сияқты қуатты өндіре алады. Атом станциясынан өндірілген электр энергиясының құны есептелген кезде бұл жайттардың ешқайсысы да ескерілмейді. Атом станциясы істен шыққан кезде оған ақшаны кім бөледі? Мұны станцияның қуатын пайдаланып жатқандар емес, салық төлеушілер төлейді. Жасырын субсидия бар, – дейді Олег Бодров.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛҒЫЗ УРАНЫ БАР»

Дүйсенбі күні болған жиында мамандардың басым бөлігі атом станциясын салуға қарсы шығып, үкіметтің бұл тұрғыдағы мақсатын түсінбейтіндерін айтты. Олардың пікірінше, Қазақстанда жалғыз ураннан басқа станция салатындай еш мүмкіндігі жоқ – не маман, не технология
«Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин. Атырау, 19 қараша 2010 жыл.

жоқ. Оның үстіне энергия тапшылығы да аса қатты емес.

Мамандардың пікірінше, жалпы халықтық маңызы бар мұндай мәселелер көптің талқысына салынып, қоғамдық тыңдаулар өтуі керек. «Бірақ мұның бірде-бірі де болмаған» деген экологтар бұл мәселеге байланысты үкіметтің әрекетін сынады.

– Шынын айтқанда, ешқандай құжатты көрген жоқпыз. Жақында ғана «Қазатомпромға» хат жазып, бірнеше ұсыныс айттық. Себебі құжаттардың барлығын құпия түрде сақтап отыр, – дейді «Руханият» жасылдар партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин.

«ФУКУСИМА» МЕНЕН ДЕ ҮЛКЕН»

Қазақстанда АЭС салу мәселесі Жапониядағы апаттан кейін қызу талқылана бастады. Бұл идеяны қолдайтын азаматтар оның экономикалық тиімділігін алға тартады.

– Қазақстанда АЭС-ке қажеттілік бар. Энергетикалық тапшылық мәселесінен құтылудың басқаша жолы жоқ. Дегенмен мұнда артықшылық пен кемшіліктер тұсын бәрін ескере отырып, салмақты шешім шығару
"Фукусима Даийчидің" үшінші реакторындағы түтін. Жапония, 21 наурыз 2011 жыл.

керек. Ал қалғандарының бәрі маңызсыз. Кейбіреулер «Фукусимамен» салыстырады. Ол станцияның «жасы» менен де үлкен. Ол осы жылы істен шығады деп жоспарланған болатын. Сондықтан мұндайда «Чернобыль» мен «Фукусиманы» қатар қою – біліксіздік, – дейді мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев.

Наурыз айының соңында Қазақстан мен Ресей билігі атом саласында әріптестік орнату туралы келісімге қол қойды. «Росатомның» басшысы Сергей Кириенко сол кезде Ақтауда «әлемдегі ең қауіпсіз станция салатынын» айтқан еді. «Қазатомпром» басшылығы одан бұрын мұндай станцияның алғашқы блогы 2016 жылы іске қосылатынын мәлімдеп те үлгерген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG