Accessibility links

Ауған президенті "тұйықтағы елдің" тағдырын мысал етті


Ауған президентінің сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

Ауған президентінің сөзі

Астанаға ресми сапармен келген Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Назарбаев университетінде студенттер мен Қазақстандағы шетел елшіліктерінің алдында өз елінің мүмкіндіктері және Азияның өзгеруі жайында лекция оқыды.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Назарбаев университетінің сахнасына оқу орын басшысы Шигео Катсумен бірге шықты. Катсу қонағын «Ауғанстан президент болатындай оңай елдің бірі емес, мәселесі өте көп. Дегенмен, жүзеге асыратын мүмкіндіктері де баршылық» деп таныстырды. Ол Ашраф Ғанидің президент билігін алғанға дейінгі өмірбаянын көпшілікке қысқаша баяндап өткен сәтінде «Ауғанстанда» деген сөздің орнына екі мәрте «Қазақстанда» деп жаңылысты. Ашраф Ғани оның сөзін «Қазақстан емес, Ауғанстанда» деп түзеді. Сол сәтте залдағылар қошеметтеп қол шапалақтады.

ТҰЙЫҚТАН - ҚИЫЛЫСҚА

Ағылшын тілінде сөйлеген Ашраф Ғани 25 минуттық баяндамасында аймақтағы ынтымақтастыққа көп көңіл бөлді. Саясат сөзін айтпаса да, Азияда орнауы тиіс жаңа құрылымдық өзгерістерге қатысты пікірін білдірді.

Оның сөзінше, қазіргі Азиядағы, әсіресе, Оңтүстік Азиядағы басты мәселе – мемлекеттер байланысын реттейтін ортақ тәртіп, нақты жүйе жоқ. Халықаралық құқық болғанымен іс жүзінде ол қолданылмайды. Осы себепті, Азия даму мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр.

Ашраф Ғани тұйықта қалған елге инвестиция келмейтінін, ақыл-ой, қоғам өспейтінін Ауғанстанның мысалын келтіріп, әріптестеріне қиылыс салу қажеттін айтып жүргенін мәлімдеді. Және сол қиылыстың ортасы географиялық жағдайға байланысты Ауғанстан болуы шарт екен.

Ашраф Ғани тұйықта қалған елге инвестиция келмейтінін, ақыл-ой, қоғам өспейтінін Ауғанстанның мысалын келтіріп, әріптестеріне қиылыс салу қажеттін айтып жүргенін мәлімдеді.

– Кластерлік инфраструктураның қажеттігін түсіну жолындамыз. Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан арасында электр желісі тартылса, электр өндіру мен таратуға оңай мүмкіндік жасайды. Егер әр ел бөлек-бөлек дамбы салып, қуат көзін өндіргісі келсе, уақыт, күш көп кетеді, – деді ол.

Электр желісінен кейін құбыр, теміржол, әуе жолы, оптикалық желі, нарық алаңы байланысса, мемлекет қалыптасуы жетіліп, аймақтағы қауіп-қатер де азаймақ.

Баяндамасынан соң Ашраф Ғани студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Терроризмді болдырмау үшін Ауғанстан не істеп жатыр?», «Ауғанстандағы Талибан қозғалысының күші қандай?», «Жергілікті мемлекеттер ішінде мәселе көп кезде ынтымақтастық қалай іске асады?» деген сұрақтар қойылды.

Ашраф Ғанидің сөзінше, қазір Ауғанстандағы күрделі мәселенің бірі - әйел азаматтардың экономика мен саясаттағы белсенділігінің аздығы. Бұдан бөлек, халықтың 70 пайызы - 35 жастағы жастар. Олардың қоғамда анық белсенді орны жоқ. Мұның сыртында елдегі ресми жұмыссыздар үлесі - 36 пайыз. Бұл көңілсіздеу статистикалық деректер діни радикализм асқынған шақта қауіпті ұлғайта түседі.

– "Талибан" қазір Ауғанстанның ғана емес Пәкістан, Бангладеш және Азияның басты проблемасы, – деді Ашраф Ғани.

Ал түске дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауғанстандық әріптесіне Ауғанстанның гүлденгенін, Ғанидің ұлттық үкімет құру ниетін қолдайтынын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев қазір Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның түсіністікпен қарайтынын жеткізген.

Назарбаевтың айтуынша, кездесуде Ауғанстанға 600 мың тоннадан аса Қазақстан бидайын жеткізу, Ауғанстанда жол салу, құрылыс материалдарын, локомотив пен вагондар жеткізу туралы келісім жасалған.

Қазақстан президенті бұған қоса кездесуде терроризммен күресте екі ел органдарының өзара іс-әрекеттері де талқыланғанын айтқан.

Ашраф Ғани Ауғанстан екі елдің сауда-экономика, транспорт, инвестиция және азық-түлік салаларындағы ынтымақтастығынан іс жүзінде нәтиже көреді деп үміттенетінін білдірген.

XS
SM
MD
LG