Accessibility links

Қазақстан сенаты Ауғанстанға әскер аттандырудан айнып қалды


Ауғанстандағы АҚШ сарбазы жарылғыш заттың бар-жоғын тексеріп жүр. Ауғанстан, 6 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы АҚШ сарбазы жарылғыш заттың бар-жоғын тексеріп жүр. Ауғанстан, 6 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Сенат қоғамдық пікірді ескергенін айтады. Аймақ тыныштығын алға тартқан кейбір мәжіліс депутаттары Қазақстанның НАТО операциясына қатысқанын қолдап отыр. Сарапшылар бұдан саяси себеп іздейді.


Қазақстан сенаты бүгін Ауғанстанға әскер аттандыру туралы заң жобасын («Қазақстан мен НАТО арасындағы Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы») кері қайтарды.

– Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет бұл заң жобасын тұтастай қабылдамауды және оны мәжіліске қайтару туралы ұсыныс енгізеді, – деді бұл мәселе бойынша қосымша баяндама жасаған сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық әскерилердің шетелдегі операцияларға қатысу туралы мәселеге қатысты шешім тек «Қазақстан конституциясына сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады».

«БҰЛ – ҚОҒАМНЫҢ ДА ПІКІРІ»

Мамырдың 18-і күні парламенттің төменгі палатасы бұл заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдаған еді. Арада төрт күн өткенде, мамырдың 22-сі күні «Рейтер» агенттігі «Қазақстан Ауғанстанға әскер жіберсе, оның
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы маңында автокөлік жарылды. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

салдары қиын болатындығы» туралы тәліптердің ескерту жасағанын хабарлады. Тәліптердің осы мәлімдемесінен соң екі күн өте, мамырдың 24-і күні Астанада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы маңында автокөлік жарылып, екі адам мерт болды. Бірақ Қазақстан ішкі істер министрлігі «бұл оқиға террорлық акция емес» екенін айтады.

Совет билігі кезінде Ауғанстандағы соғыс операцияларына қатысқан қазақстандықтар да мәжілістің шешіміне наразылық білдіріп, парламентті таратуға шақырған еді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осыдан соң «Ауғанстанға тек төрт офицер жіберіледі, олар соғыс ошақтарына қатыспайды» деп мәлімдеме жасаған болатын.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, бүгін депутат Тасбай Симамбаев мәжілістің өздерін қолдайтынына үміт білдірген. «Мәжіліс бізді қолдайды деп ойлаймын, себебі жалпы алғанда бұл – қоғамның да пікірі» дейді депутат.

«АУҒАНСТАННЫҢ КЕЛЕШЕГІ – БЕЛГІСІЗ»

Бірақ қазақстандық кейбір депутаттар Ауғанстанға әскер аттандыруды әлі де қолдайтынын айтып отыр. Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов «Сенат пен мәжіліс арасында әртүрлі пікірлер болып тұрады» деп, бүгінгі сенат отырысына меңзеп, бейбітшілікті қамтамасыз етуге арналған халықаралық операцияларға Қазақстан қатысса, еш ұтылмайтынын айтты.

– Ауғанстанда болып жатқан процестерді азаматтарымыздың өз көзімен көріп, жағдайды зерттеп, мемлекетке тиісті мағлұматты беріп отыруы әбден дұрыс, – дейді депутат.

Оның пікірінше, Орталық Азиядағы мемлекеттің бірі ретінде Қазақстан аймақта тыныштықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосу керек.

– Ауғанстанның келешегі – белгісіз. АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетеміз деп отыр. Одан кейін ол жақта не болады? Америкалықтар
АҚШ армиясының тікұшағы Герат әуежайына қонып жатыр. Ауғанстан, 13 қараша 2010 жыл.

қаруландырып, үйретіп, құрған ауған әскері орталық өкіметке бағына ма, әлде жеке-жеке бөлініп кете ме? Мұның ешқайсысына тұрақты жауап жоқ, – деді Камал Бұрханов.

ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНҒА БАРМАСА, АУҒАНСТАННЫҢ «ӨЗІ КЕЛЕДІ»

Сенаттың шешімін «эмоционалды, белгілі бір ресейшіл топтардың жетегінде кеткен негізсіз дүние» деп бағалаған саясаттанушы Айдос Сарым «Қазақстан ешкімге жалтақтамай, өз мүддесін қорғауда бірізділік танытуы керек» деген пікір айтады.

– Қазақстанның Ауғанстанға өзінің офицерлерін жіберіп тұрғаны дұрыс. Кәсіби мамандарын сол жаққа жіберіп, олардың біліктілігін, басқа да армияның дайындығын арттыру мәселесі – бұл енді ең басты мәселенің бірі, – дейді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, егер «Қазақстан бүгінгі таңда Ауғанстан мәселесіне кірісіп, араласпаса, болашақта Ауғанстан мәселесінің елге өзі келетіні анық».

– Егер бүгінгі Ауғанстандағы Карзайдың үкіметі құлайтын болса, орнына тәліптер келетін болса, онда Тәжікстан (кем дегенде, Пәкістан мен басқа елдер) қатысқан үлкен аймақтық жанжал, соғыс шығып кетуі мүмкін.
Қаруларын тастап, Герат уәлаяты билігіне бағынған тәліптер. Ауғанстан, 27 сәуір 2011 жыл.

«Егер біз қолдасақ, ауған террористері Қазақстанға келуі мүмкін» деген сияқты жаңсақ пікірлерден аулақ болуымыз қажет. Ауған террористері Қазақстанда онсыз да жүр. Әсіре діншілдердің Ауғанстанға барып соғысқаны да белгілі. Яғни ол соғыс – бізге жеткен соғыс, – дейді Айдос Сарым.

«ЕКІ ЖАҚҚА ДА ЖАҒУ»

Ал оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар заң жобасын мақұлдап, «АҚШ-тың көңілін аулаған» мәжіліс пен оны қайтарып алған сенаттың әрекетін «саяси қойылым» деп біледі. «Осылайша екі жақтың да тілін таптық» деп түйеді саясаткер.

– Меніңше, мәжіліс сенатпен келіседі. Бұл ойын өз мақсатын ақтады. Екі жаққа да – АҚШ пен мұсылман елдеріне жағымды болып қалдық, – дейді Уәлихан Қайсар.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG