Accessibility links

Шеруге шыққандар айыппұл төлеп жатыр


Полиция наразы белсендіні көлікке күштеп кіргізіп жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.
Полиция наразы белсендіні көлікке күштеп кіргізіп жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.

Демалыс күндері наразылық акциясына қатысқан азаматтардың бірі қамалып, өзгесі айыппұлмен босап шықты. Белсенділер айыппұл төлеушілерді қолдаушылар табылғанын айтады.

Алматы тұрғыны, мамандығы аудармашы Рүстем Есбатыров - теңгенің девальвацияға ұшырауына қарсылық ретінде өткен аптаның сенбі және жексенбі (ақпанның 15-16-сы) күндері өткен наразылық акциясына қатысқан азаматтардың бірі.

Ол шеруге шығуына азаматтық ұстанымы әсер еткенін, өзінің конституциялық құқығын пайдаланғанын айтады.

- Біз тым көп үндемей қаламыз. Үкімет халықпен диалог жасаспай, әдемі сөздер айтып, өз білгенін жасай берсе, нағыз демократиялық ел атана алмаймыз, - дейді ол Азаттық тілшісіне.

Рүстем Есбатыров "заңсыз митингіге қатысқаны үшін" 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, 1 АЕК - 1852 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс болды.

КӨМЕК

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның сөзінше, өткен демалыс күндері шеруге шыққаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болған Рүстем Есбатыров сияқты азаматтарға көмектесушілер де табылған.

Ол дүйсенбі, ақпанның 17-сі күні таңертең өзіне екі кәсіпкер хабарласып, сотқа тартылған адамдардың айыппұлдарын төлеп беретіндерін айтқанын жазды. «Мен
Наразылар митингісі. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.
Наразылар митингісі. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.
ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын. Азаматтардың өздері көмектесеміз деп жатыр» деді Мұхтар Тайжан Facebook әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін белгісіз біреулер наразылық шарасында белсенділік танытқан мұғалім Елена Ахметованың көлігінің дөңгелегін тіліп кеткен еді. Мұхтар Тайжанның жазуынша, "Еленаның көлігіне дөңгелек алып берейік" деген адамдар да табылған.

Әлеуметтік желіде бейтаныс азаматтар хабарласып, айыппұл төлеуі тиіс адамдарға қаржылай көмектесуге ниет білдіргенін журналист Нәзия Жоямергенқызы да жазды.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина айыппұл салынған азаматтарға БҰҰ адам құқығы комитетіне шағымдануға көмектесетінін айтып, тегін заңгерлік көмек беретінін хабарлады.

"30 МЫҢ ТЕҢГЕ"

Интернетте "Алматыда болған митингіні біреулер ақша беріп ұйымдастырған" деген пікірлер де шыға бастады. Nariman Koishibayev есімді Facebook қолданушысы "демалыс күндері белгісіз біреулер хабарласып, 30 мың теңге үшін шеруге шығуға ұсыныс айтқанын" жазды.

​Кейбір қолданушылар бұл пікірге сенсе, кейбірі "ондай ұсыныс айтқандар - арандатуды көздегендер" десті.

Алматы тұрғыны, наразылық шарасына қатысқаны үшін 3 айлық есептік
Алматы тұрғыны Жанар Секербаева.
Алматы тұрғыны Жанар Секербаева.
көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған Жанар Секербаева "акцияны біреулер ақша беріп ұйымдастырды" деген сөзді қолдамайды.

- Мен Алматыда математика пәнінен сабақ беретін құрбыммен бірге шықтым. Қарапайым азамат ретінде акцияға барып, пікірімізді білдірдік, - дейді ол.

Жанар Секербаева шеруге шыққан азаматтарды полицейлер қыспаққа алып, айғай-шу шығуына себеп болғанын айтады.

- Біз тіпті тұрып та үлгермедік, полиция бірден ұстай бастады. Бізді шеңбер қып қоршап та алды. Тіпті хайуан екеш хайуанды да бір бұрышқа қуаласаң, қарсыласа бастайды. Полицейлер қарапайым халықты ұстай бастаған кезде шыдай алмай айғайладым, - дейді Жанар Секербаева.

Алматыда өткен аптаның сенбі және жексенбі (ақпанның 15-16-сы) күндері теңгенің девальвацияға ұшырауына қарсы екі рет наразылық акциясы болып, оған жүз шақты адам қатысқан еді.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешметтің айтуынша, бұл
Наразылық шеруін полицияның қуып таратқанына жылаған бойжеткенді жас жігіт жұбатып тұр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. (Фото авторы - Азиз Мамиров).
Наразылық шеруін полицияның қуып таратқанына жылаған бойжеткенді жас жігіт жұбатып тұр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. (Фото авторы - Азиз Мамиров).
наразылық шараларынан соң 35 адам (15 ақпанда – 30 адам, 16 ақпанда – 5 адам) ұсталып, кейбірі тіпті 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп босап шыққан, бір азамат (Әділхан Ермеков) 10 күнге қамалған.

11 ақпан күні Қазақстан ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартып, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді. Бұдан соң девальвацияға наразылар Алматыда қалалық әкімдікке, ұлттық банкке барып, қарсылықтарын білдірген.

13 ақпан күні наразылар қаладағы базарларда тауар қымбаттап кеткенін айтып, қала әкімі Ахметжан Есімовтен бағаға бақылау жасауды талап еткен.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG