Accessibility links

Назгүл мен Айбектің айтысы


"Ел болам десең..." атты айтысқа қатысушылар. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.
"Ел болам десең..." атты айтысқа қатысушылар. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.
28 қарашада Алматыда «Ел болам десең...» атты студенттер айтысы өтті. Айтысқа 10 ақын қатысты. Олардың жетеуі (Сырым Әуесхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибрагимов, Айбек Бестенқұлов, Назгүл Ибраева, Әсет Дүйсебаев) – қазақстандық, үшеуі (Нұрзия Асхабылқызы, Арзыгүл Қайынбекқызы, Анаргүл Беделханқызы) – Қытайдан келген ақындар.

Айтыстың алғашқы жұбы ретінде сахнаға алматылық Айбек Бестенқұлов пен семейлік Назгүл Ибраева шықты.

Айбек Бестенқұлов Қазақстандағы дін мәселесін тілге тиек етті.

– Басыңнан не күн туды, қайран қазақ,
Арабтан иман сұрап жалынғандай.
Пәтуа шығаратын ғұламаң жоқ,
Жан ғылымын меңгерген ғалымдардай, – деді ол.

Оның қарсыласы Назгүл Ибраева елдегі тіл де айтты.

– Қазақ десе ойыма тіл келеді,
Тілімді айтсам ойыма мұң келеді.
Ышқынған көршілерім келеді еске,
Ысқырған айдаһардай іргедегі.
Шашылған несібеңді ойға аламын,
Таусылса жарты бидай кім береді.
Төрдегі орыс тілі келеді еске,
Шіренген шенеуніктей мінбедегі.
Соның бәрі – діл мен діннің азғандығы,
Соның бәрі – халықтың үндемеуі, – деді Назгүл Ибраева.

Қазылар алқасы бұл жұптың айтысында жеңісті Айбек Бестенқұловқа берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:58 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG