Accessibility links

Аспанбек пен Нұрланның айтысы


Аспанбек Шұғатаев, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.
Аспанбек Шұғатаев, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Наурыздың 15-і мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Алғашқы күнгі сөз сайысының аудио нұсқасын Азаттық радиосы техникалық себептерге байланысты жаза алмаған еді. Сондықтан тек наурыздың 16-сы күні өткен айтысты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.


Республикалық айтыстарға енді-енді шығып жүрген павлодарлық Аспанбек Шұғатаев айтыстың екінші кезеңінде шымкенттік Нұрлан Есенқұловпен сөз қағыстырған болатын.

Бұған дейін тек облыс көлеміндегі айтыстарға ғана қатысып келген Нұрлан Есенқұлов қарсыласын «Садақасын алмаған сыған құсап, бажырайып отырған түрің жаман» деп сөзбен қағытқан еді. Оған Аспанбек Шұғатаев былай деді:

- Елі де, жері де жоқ сығандардың
Әлемде абыройы - қара бақыр.
Бірақ та шеттен келген келімсектер
Жеріңді ұлтарақтай талап жатыр.
Ал енді қазақтарға бұрылайын,
Әрине, қолдап Алла Tағала тұр.
Әр қайсысы өз ауласын қоршап алса,
Топырақсыз қаласың қарада тұр.
Еліміз, жерімізден айырылсақ,
Сонда бізге төнеді заманақыр.
Ей, сен мені «сыған» деме, онсыз да
Қанша қазақ «сыған» боп бара жатыр.

Нұрлан Есенқұлов Павлодар өңірінен шыққан белгілі тұлғаларды түгендей келе «Осы уақытқа дейін облыстың атын неге өзгертпей жүр?» деп, бұған дейін де көтеріліп келе жатқан тақырыпты қозғады.

- Кешегі Торайғыров, Жұмат Шанин
Қазақтың маңдайындағы бағы болар.
Сәтпаев Қаныш пенен Мәшһүр Жүсіп
Сынбайтын намысымның сағы болар.
Осыларды тудырған мекеніңнің
Есімі әлі күнге Павлодар.
Қазақтың қаны тамған топырақта
«Павел» деп жүргендерде не мағына бар?
Аспанбек, мен осыны түсінбеймін,
Қазақша бұйырмай ма бағыңа дәл?
Ауылыңа айтып барғын,
Әлі күнге өзгертпейді неғып олар? - деді.

please wait

No media source currently available

0:00 0:24:18 0:00
Жүктеп алу

Айтыстың радио нұсқасын алдағы аптадан бастап, әр сейсенбі, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG