Accessibility links

Астанадағы айтыс: Балғынбек пен Әлібек


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсанның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Үш күнге созылған сөз сайысының ақырғы күні сахнаға көкшетаулық жас ақын Әлібек Серғалиев пен астаналық Балғынбек Имашев көтерілді.

Қоғамдық тақырыптарды қозғаудан гөрі әлеуметті "билікке қарсы шықпауға" үгіттеген Балғынбек Имашев былай деді:

- Еліміздің дұшпандары желтоқсанда,
Тойдың шырқын бұзуға талпынып жүр.
Қайтадан көтеріліс жасаймыз деп,
Кейбір надан соларға шырпылып жүр.
Азаттықтың қадірін білмеген соң,
Шетелден ақша аламын деп талпынып жүр.

Балғынбек Имашев айтысты діни уағыз айтумен аяқтады.

Көкшетаулық Әлібек Серғалиев соңғы уақыттары жиі айтыла бастаған «айтыскерлер жаттап алып айтысады» деген сөз рас» деген емеурінмен қарсыласына былай деді.

- "Ақындар мені сынайды" деп жатырсың,
Бірақ та мен жырымнан бақ табамын.
Ұйқасымнан көп қателік кетсе егер,
Көбі құсап көп жазып, жаттамадым.
Айтыстың табиғаты - мендік әлем,
Осылай айтамын да ақталамын.
Көре алмау деген, шіркін, қандай жаман,
Біреуді жеңсем деген жоқ талабым.
Ей, ақындығым көріне берген сайын,
Ақындарға жексұрын боп барамын.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG