Accessibility links

Жаңаөзен Алматыда ақындар жырына арқау болды


Алматыда өткен ақындар айтысына қатысқан ақындар сайыс басталар алдында. Балуан шолақ сарайы,11 ақпан, 2012 жыл.
Алматыда өткен ақындар айтысына қатысқан ақындар сайыс басталар алдында. Балуан шолақ сарайы,11 ақпан, 2012 жыл.
Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында екі күнге жалғасқан ақындар айтысы жаңа ғана мәресіне жетті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Сөз сайысына 18 ақын, 9 жұп қатысты. Тақырыбы «Қонаевтай ер қайда?» деп аталғанымен, ақындар негізінен еркін тақырыпта толғады. Ақындар бұрынғыдай жеребе арқылы емес, көрермендердің қатысуымен, таңдауымен жұпталып бөлінді.

Оралдық ақын Бауыржан Қалиолладан бастап, ақындардың барлығы да Жаңаөзен тақырыбын айналып өткен жоқ. «Жаңаөзен халық қасіреті» деп жырлаған ақындарға екі күн бойына 5 мың адамдық сарайға лық толған көрермен қол шапалақтап, көшемет көрсетіп отырды.

Әсіресе ақын Бауыржан Қалиолланың президент Назарбаевқа қарата «Жеті ай бойына еңбекақыларын талап етіп, ереуілде тұрған мұнайышыларға «барайын ба» деп сұрағанша оқ атылмай тұрып, бару керек еді, жазықсыз жандарды қанға бояғандар жауапқа тартылсын» деп жырмен өрнектеген сөздерін көрермен орындарынан тік тұрып тыңдады.

Алғашқы күні әділ қазылар алқасы оралдық ақын Бауыржанның бағасын төмендетіп берді деп наразы болған көрермен қол шапалақтап отырып алған соң, ақындар өнерін бағалаушылар шешімдерін өзгертуге мәжбүр болды.

Жаңаөзен оқиғасын арқау еткен «Қонаевтай ер қайда?» айтысының бас жүлдесі Аманжол Әлтаевқа бұйырды. 1-ші орын - Жандарбек Бұлғақовқа, 2-ші орын - Айнұр Тұрсынбаеваға, 3-ші орын - Бауыржан Қалиоллаға берілді.

Айтыс демеушілері Өмірзақ Сәрсенов пен Амангелді Ермегияев, Шалбай Құлмаханов жүлдеге тіккен төрт жеңіл көлік осы жүлдегер төрт ақынға тапсырылды.

Айтыс өткізілген Балуан шолақ сарайында алғашқы күні ақындардың даусы жаңғырып, жақсы естілмегендіктен, көрермендер сарайдың акустикасының нашарлығын айтып, көңлідері толмаған еді. Екінші күні ұйымдастырушылардың спорт сарайының акустикасын біршама жөнге келтіріп, дұрыстағаны байқалды.

Айтыстың толық аудио нұсқасын әдеттегідей алдағы күндері Азаттықтан тыңдай аласыздар.

Ақын Бауыржан Қалиолланың айтысынан үзінді көріңіздер:

"Қонаевтай ер қайда?" тақырыбында өткен айтыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00
XS
SM
MD
LG