Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Айнұр мен Айбек


Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлының және Ақылбайдың туғанына 150 жыл Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай өткен республикалық айтыс өтті.


Айтыстың екінші айналымында Айнұр Тұрсынбаева мен Айбек Қалиев сөз қағыстырған болатын. Айтыстың өн бойында құрдастық әзілмен бір-бірін қағытқан қос ақын сөз арасында қоғамдық мәселелерді де тілге тиек етті.

Айбек өзіне сөз кезегі тиген бір сәтте қарсыласына қарата былай деген еді:

– Жағдайы жолдарыңның күрделі еді,
Деп Айбек езуінен жыр бөледі.
Данышпандар мекені – Қарауылым,
Жолдарыңның бітпей тұр-ау дүрбелеңі.
– Жол ақысы, – демей ме, – көр ақысы,
Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Жеткенше жұлық-жолақ, күнде өледі.
Астана Қарауылды қажетсінбес,
Той тойласа, он жылда бір келеді.

Өлең сайысында Айнұр да өз қарсыласынан қалыспады.

– Түсіпхандай ағамыз,
Айтысқа келсе ақылды,
Бердібектей әкімге ,
Жеткізсе деймін датымды.
Өскелең елді таратпай,
Өскемен жаққа қаратпай,
Өкімет енді қайтарсын,
Өзгеге кеткен ақыңды, – деп Айнұр облыс мәртебесінен айрылып қалған Семей мәселесін сөз етті қыркүйектің 15-сі күні Қарауылда өткен айтыста.

Айнұр мен Айбектің айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG