Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Ринат пен Қарлығаш


Ринат Зайытов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Ринат Зайытов, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлының мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай өткен республикалық айтыс өтті.

Айтыстың екінші айналымында алматылық Ринат Зайытов пен семейлік Қарлығаш Әубәкірова айтысқан болатын.

Келін мен қайнаға болып айтысқан қос ақын да өздеріне дейінгі айтысқан ақындар секілді айтыссүйер қауымға жеңіл әзіл сыйлаумен шектелді.

Әуелі жыр кезегі Қарлығаш Әубәкіроваға берілген еді.

– Абайдай дана алыптың,
Шәкерім сынды шынардың,
Басына барып тағзым қып,
Оқыдың ба екен Құранды.
– Ел-жұртым аман болсын! - деп,
Жасадың ба екен дұғаңды.
Қарлығаш Әубәкірова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қарлығаш Әубәкірова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Жоқ, әлде «Тойға келдім ғой,
Әзірге қайтем бұларды»,
Деп думан, қызық, той қуып,
Қандырдың ба екен құмарды, - деді Қарлығаш ақын.

Бұған қарымта жауап ретінде Ринат Зайытов былай деп өлеңдетті:

– Түсте ғана Жидебайға барып келдім.
Сен айтқан тілектерді бек тіледім.
"Осынау Қарауылға бақ-береке,
Орнаса ғой" деп көп тіледім.
Бәрін айт та бірін айт, "Қарлығаштай
Келініме ақыл бер!" деп тіледім.

Ринат пен Қарлығаштың айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG