Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Бақытжан мен Жадыра


Жадыра Қазиева, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Жадыра Қазиева, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Бұл айтыста сахнаға жетінші жұп болып семейлік Бақытжан Байболов пен шымкенттік Жадыра Қазиева шықты.

Сахнаға ақындар шақырылған сәтте айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерман:

– Осы айтыстың басы-қасында жүргеннен кейін алғаш шыққан ақындарды бір тыңдап барып жіберетін едім. Бұл жолы сол үрдісті бұзып, өзім білмейтін екі ақынды тыңдамай- ақ шақырдым. Бағасын өздеріңіз берерсіздер, – деді.

Шымкенттен келген Жадыра сол себепті:

– Мына қыз қайдан шыққан демеңіздер,
Тегіміз жаралмаған тектен біздің.
Сыйласқанға сырағы танытпайтын,
Түсінгенге жанымыз көктен біздің.
Ел намысын қорғайтын талай жерде,
Аянбай маңдай терді төккен қызбын.
Оңтүстікте өткен талай аламанда,
Бәйгеге дара шауып жеткен қызбын.
Солтүстікте Иса ақынның бәйгесінде,
Көбесін қара өлеңнің сөккен қызбын.
Батыста өткен талай аламанда,
Талассыз бас бәйгеге жеткен қызбын
Өзіміз танымалсыз болғаныммен,
Сөзіміз көрініп жүрген көптен біздің.
Таңдайымнан жыр төгіп, тыңдаушымның
Маңдайын жауһар жырмен өпкен қызбын.
«Жүрсінге алғаш шықты» демесеңдер,
Бұған дейін сан асудан өткен қызбын, – деп, өзін-өзі таныстырды.

Бақытжан ел басқарған шенеуніктердің ісіне разылығын білдіріп, облыс Бақытжан Байболов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Бақытжан Байболов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

әкімі Бердібек Сапарбаевқа мақтау айтты:

– Ол рас Бердекеңнің арқасында,
Орыстар отыратын төрге өрледім.
Шырайлы Шығысыма шыр біткендей,
Өрлеп келеді өлең-жыр өрген жерім.
Лениннің орнына ол Абай қойды,
Көкке өрлеп кететіндей кеудем менің.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Бақытжан мен Жадыраның айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG