Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Мейірбек пен Сара


Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Айтыстың екінші айналымында жас ақын Мейірбек Солтанхан пен Сара Тоқтамысова сөз қағыстырды.

Сара Тоқтамысова өзіне сөз кезегі тиген бір сәтте полигон зардаптарын сөз етті:

– Сынақтан зардап көрген Абай елі,
Жалықты жүрдім-бардым жауаптардан.
Әлі күнге жарымжан ұрпақ туып,
Қайғысы күннен күнге қабатталған.
«Жоғары жақтан бір көмек бола ма» деп,
Үкіметтің қолына қарап болған.
«Полигонның ақшасын береміз» деп,
Ал үкімет аспай жүр әлі аттаннан.
Елбасына кіріп қағазбенен,
Жалықпайды-ау өтірік боратқаннан.
Ауылға көк тиын да жеткізбейді,
Жемқорлар жол ортада тонап болған.
Ауырды арқалаған Абай елі,
Өз жарасын өздері жалап таңған.
Мұндағы қойдан жуас қоңыр халық,
Қара су, қара нанға қанаттанған.
Тектіліктің тамыры қиылғалы тұр,
Бір жақсылық жетпесе жаратқаннан.

Мейірбек Солтанхан да қарсыласынан қалыспай, Сыр елінің көрген қиындығын айтты:

– Сыр елі мен Семейдің тағдыры ұқсас, Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.


Жіпке тізіп айтайын бұл орайда.
Шиелінің ураны ушығып тұр,
Мекен болған Мұстафа, Бұдабайға.
«Мен ішпеген у жоқ» деп жылағанмен,
Уран ішіп көрген жоқ ұлы Абай да.
...Не болса да күтеміз жоғарыдан,
Бір қылса, билік қана қылар айла.
Ауылдың аңқылдаған адал халқы,
Алаңсыз сеніп отыр Нұр ағайға.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Мейірбек пен Сараның айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG