Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Төреғали мен Айнұр


Төреғали Төрәлі, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Төреғали Төрәлі, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Ол айтыста сахнаға алтыншы жұп болып байқоңырлық Төреғали Төрәлі мен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты. Айтысты бастаған Төреғали бүгінгі қазақ билігіне қатысты былай деді:

– ...Біздің билік қазаққа сараң боп тұр,
Көмек берсе, қалардай қол кесіліп.
«Білімді ақылға емес, ақшаға ал» деп,
Оқудың төлемақысын берді өсіріп.
Билікте ұлтты ойлайтын ұл азайды,
Ел үшін тебінгісі терге шіріп.

Ал Айнұр Тұрсынбаева ауыл мен қала арасын жалғайтын ескі жолды жырға қосты:

– Астанам қалай гүлдейді, Айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.


Ауылдың халқы жүдесе.
«Ауыл жылы» дейді біресе,
«Жол картасы» дейді біресе.
Айғайлай бермей ағалар,
Халыққа тілеу тілесе.
Той біткен соң басшылар,
Семей мен осы Абайды,
Жалғайтын жолды түзесе.

Төреғали Төрәлі айтысты:

– ... Семей де, Өскемен де, ау, ағайын,
Орыстың атын теріс жамылмасын.
Семейге Әуезовтің атын беріп,
Өскемен Қабанбайды қабылдасын.
Облысқа Абайдың атын беріп,
Үкімет бұл сөзімнен көп үлгі алсын.
Елбасына ақпарат тез жетеді,
Біреуден естіп алар Кәрім Мәсім.
Менің бұл кісілерден өтінерім,
Елдің осы тілегін орындасын, – деп түйіндеді.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Төреғали мен Айнұрдың айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG