Accessibility links

Қалижан мен Қайнардың айтысы


Қайнар Алагөзов, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Қайнар Алагөзов, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Наурыздың 15-і мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Айтыстың екінші күні сахнаға Ақтөбе облысының жас ақыны Қайнар Алагөзов пен Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Қалижан Білдашов шықты.

Қарсыласының «Селитрамен өсірген жүгерідей, шаштарың кетіпті тікірейіп» деген тіркесіне орай Қайнар Алагөзов:

- Біресе шашымды айттың, түрімді айттың,
Күндегеннен бірдеңе табасың ба?
Менің шашым адайлар сияқты ғой,
Көтеріліп тұрады арасында, - деп Жаңаөзен оқиғасын меңзесе, енді бірде:

- «ГАИ болсам, сені басып кетер ем» деп,
Қалижан әр өлеңін көпке арнайды.
Қанша қылмыс болса да біздің елде,
Сотталатын адамдар көп болмайды, - деп Шымкентте жол полициясы қызметкерінің қыз баланы қағып кетіп, жәбірленуші қаза тапса да сотталмағанын астарлап айтты.

Осы уақытқа дейін тек облыс көлемінде ғана көрініп келген Қалижан Білдашов қарсыласының «бұдан кейін Қонаев атындағы облыста айтысайық» деген ойын ары қарай жалғастырып, былай деді:

- Үндістанда Қазақ ССР күндігі өтіп,
Делагатқа басшы боп сол барады.
Атамыз әуежайдан түскен бойда,
Қазақша сөзді оқып таң қалады.
«Қош келдің, қазақ ұлы сазгері» - деп,
Шәмшіні күткен екен онда бәрі.
Үнді мен Делидің аспанында
Сазгердің тұрған екен самғап әні.
Делагаттың ішінде Шәмші болмай,
Қонаев сонда қатты қорланады.


Айтыстың радио нұсқасын алдағы аптадан бастап, әр сейсенбіде сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG