Accessibility links

Қанат пен Балғынбектің айтысы


Қанат Мырзахан, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Қанат Мырзахан, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыдағы Студенттер сарайында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.

Айтыстың екінші күні сахнаға төртінші жұп болып астаналық Балғынбек Имашев пен алматылық Қанат Мырзахан шықты.

Қанат Мырзахан көрерменмен амандасып, былай деді:

– Бұл күнде мол қоры бар мұнайымен
Елімді алты құрлық елейді анық.
Алтын, күміс, мыс, мырыш, көмірімен
Қазақты бай халыққа теңейді алып.
Бірақ осы байлығың өзіңнен де,
Өзгені мол шаттыққа бөлейді анық.
Ассалаумағалейкім, қазақ дейтін
Ең бай елде тұратын кедей халық.

Бұдан ары Қанат Мырзахан қарсыласын «қартайдың, айтыстағы карьераң да аяқталып келеді» деп қағытты.

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Балғынбек Имашев бұл сөзге мынадай уәж айтты:

– Біздер, біздер қазыдан да паңдармыз,
Біздер, біздер, қажыға да барғанбыз.
Сен секілді жас бала боп шықсақ та,
Осы күні сақал өскен шалдармыз.

Шал болсақ та, осы айтысқа егеміз,
Әйтекеміз, Қазыбекпіз, Төлеміз.
Карьераң керек емес, қарағым,
Кәлиманы одан артық көреміз.

Қазылар алқасы жеңісті Балғынбек Имашевқа берді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG