Accessibility links

Қанат пен Ержеңістің айтысы


Қанат Мырзахан, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Қанат Мырзахан, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен айтыс өтті. Сахнаға 2-жұп болып шыққан алматылық Қанат Мырзахан пен қызылордалық Ержеңіс Әбдиев әлеуметтік мәселелерді айтты.

Айтысты бастаған Қанат Мырзахан Қазақстандағы «жетім балаларды сату» тақырыбын қозғады:

– Кезінде Әйтеке би айтқан екен,
«Жебей жүр» деп, жылаған жетім жатса.
Ал енді бүгінгінің адамдары
Жетім сатып байиды ретін тапса.
Шырылдаған сәбидің көз жасымен
Шытырлап, толып жатыр шотында ақша.

Ал Ержеңіс Әбдиев Қазақстанда кейінгі екі-үш айда жиі қозғалып жүрген зейнетақы реформасы мәселесін былай жырлады:

– «Бұл реформа ақшаны үнемдейді»
Деп айтады Марченко – кемеңгерің.
Ақшаны шашып жатқан халық емес,
Ел біледі кім байлыққа кенелгенін.
Ержеңіс Әбдиев, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Ержеңіс Әбдиев, айтыскер. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.

Өздері бәрін тонап қашып жатса,
Көре алмаспыз бюджеттің көгергенін.
Аналардың қолымен толтырмақ па,
Аналардың (басқалардың – ред.) опырып жегендерін.
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:13 0:00
Жүктеп алу

Қазылар жеңісті Қанат Мырзаханға берді.
XS
SM
MD
LG