Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Айбек пен Дидар


Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Бұл айтыста сахнаға бесінші жұп болып торғайлық Айбек Қалиев пен қарағандылық Дидар Қамиев пен шықты.

Ақындар сахнаға шығар алдында айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман:

– Ақындарды қақпайлағаныңмен ақиқатты айтудан тартынбайды. Жалпы, айтыс дегеннің өзі – оппозициялық өнер. Елдің жоғын жоқтап, ақиқатты тіліп айтпаса, айтыстың қасиеті кетіп қалады. Біздің айтқыш ақындарымыз бар. Соның бірі – қатты айтам деп, бізден қағажу көріп жүрген Айбек Қалиев, – деп алдын-ала «ақталды».
Дидар Қамиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Дидар Қамиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы. 15 қыркүйек 2011 жыл.


Қарсыласы Дидар Қамиевтің «Атақты Қалиевті шаң қаптырып, өзгеріс енгізейін тарихқа» деген сөзін ілік еткен, «қатты айтам деп, қағажу көріп жүрген» Айбек Қалиев:

– Тарихты өзгерткіштер, сенсіз де көп,
Өгізін өрге салған жұрттарың бар.
Қазақстан тарихын 91-ден,
Бастағысы кеп жүрген мұрттарың бар.
Екі ауыз сөз сөйлеген бабалардан
Би шығарып, шындықтан сырттадыңдар.
Ауыл-үйдің тентегінен кітап жазып,
Қолдан батыр жасаған сырттаның бар.
Алладан айнымаған Абайды да,
«Буддист» деп шатып жүрген қырттарың бар.
Қазақтың тарихына қиянат қып,
Қай сайтанның зәрінен ұрттадыңдар, – деді.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының тікелей эфирінен де тыңдай аласыздар.

Айбек Қалиев пен Дидар Қамиевтің айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG