Accessibility links

Қонысбай мен Әбілқайырдың айтысы


Республика сарайында өткен «Ретро –айтыста» сахнаға шыққан астаналық ақын Қонысбай Әбілов. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
Республика сарайында өткен «Ретро –айтыста» сахнаға шыққан астаналық ақын Қонысбай Әбілов. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.

Маусымның 2-сі күні Республика сарайында өткен «Ретро айтыста» қызылордалық Әбілқайыр Сыздықов Астанадан келген Қонысбай Әбіловпен сөз қағыстырды.

Ақындар жер-жердегі қалалардың атауын қазақшалау мәселесін сөз етісті. Қонысбай Әбілов ұзақ терме айтып, айтыс басталғанына жеті-сегіз минут болғанда көрермендер арасынан «Тоқта!» деген дауыстар шыға бастады.

Қонысбай Әбілов Қызылорда қаласының атауын сынап:

– ...Алғашқы астананың ақынысың,
Атауын тауып қойған алашым дәл,
Ақмешіт деген сөзде жарасым бар.
Енші алып қызылдардан, Ақмешіттің
Атауын қашан қайтып аласыңдар? - деген еді.

Әбілқайыр Сыздықов қарсыласына мынандай уәж айтты:

– «Қызылорда» атауы өзгерген жоқ,
Қонекең оған қалай тақпайды сын.
Тіпті оны Перовск деп атаған,
Кезінде Ақмешіттен бақ тайды шын.
Қазақта екі-үш қала әлі де бар,
Советтің көзіндей ғып сақтаймысың?
Мысалы солтүстікте әлі де бар,
Петропавловск дегенді жақтаймысың!
Оны айтсаң, Павлодар тағы да бар...
...Сізді «Халық ақыны» дейді еліміз,
Өкіметке өктем үн қатпаймысыз.
«Қалаларға қазақша атау керек»
Деп есігінің алдында жатпаймысыз.



Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:34:13 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG