Accessibility links

Айнұр мен Мейірбектің айтысы


Айнұр Тұрсынбаева мен Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақындар. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Айнұр Тұрсынбаева мен Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақындар. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі «Қонаевтай ер қайда» деген атпен Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған ақындар айтысы өтті. Айтыстың екінші күні 1000 теңгенің билеті 3 мыңнан сатылды. Билет жетпей қалған 300 адамды ұйымдастырушылар ақыры тегін кіргізді.


Айтыстың алғашқы күні көрермендер жеребесі бойынша сахнаға қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанхан мен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты.

Мейірбек Сұлтанхан сөз басында «Нұр Отан» партиясын атап:

- Бұл айтыс саясаттың сайлауы емес,
Нұр Отан жеңе берер ең соңында, - деп сөз бастады.

Ол өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен айтысты да жырға қосты.

- Өткенде Астанада айтыс өтті,
Саясаттың салқынынан сақтанумен.
Ақындарға бас-көз боп ақыл айтқан,
Айтулы атамыз кеп атқа мінген.
​Бізге шындық айтуға мұрсат бермей,
Айтысты бітір дейді мақтауменен, - деді.

Мейірбектің қарсыласы Айнұр Тұрсынбаева Жаңаөзен туралы айтты:

- Жараңды жазып, Жаңаөзен,
Бөрідей енді ұлыма.
Алатау, Алтай, Сарыарқа,
Үн қосады сенің мұңыңа.
...Төлейтін нең бар үкімет,
Төгілген қанның құнына.

Айтысты Азаттық радиосы эфирінен де, әр сейсенбі сайын сағат 19.30-20.00 аралығында тыңдай аласыздар.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG