Accessibility links

Астанадағы айтыс: Иранғайып пен Нағыман


Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсанның 2-сі мен 4-ті аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Астаналық Иранғайып Күзембаев үш күнге созылған сөз сайысының ақырғы күні Қытайдан келген ақын жігіт Нағыман Жұқанұлымен айтысты.

Қарсыласының Қытайдан келгенін меңзеген Иранғайып Күзембаев былай деді:

- Не шықса да шығады сол қытайдан,
Көрсеңіз көз жауына ғажап болар.
Мысалы туфлиім де солардікі,
Анда-санда шұлықты қажап қалар.
Әй, бірақ шұлығымда солардікі,
Аяққа киген кезде ләзаттанар,
Шалбарым, шапанымда солардікі,
Арғы жағын айтпаймын мазақ болар.
Бастан-аяқ киімі солардікі,
Сондықтан еш жөнім жоқ наз ақтарар.
Ағайын, керек десең тауар түгіл,
Бұл күнде «китайский» қазақта бар.

Қарсыласының мысқылына уәж ретінде Нағыман Жұқанұлы былай жауап берді:

- Апырау, қаңғыртқан ба құдай мені,
Бауырым, кекемеші бұлай мені.
Қасыңдағы қандасты «қытай» десең,
Қазақтың мына отырған шыдай ма елі.
Қытайдың өзі мені «қытай» демейді,
Ал, мұнда бір қазақ кеп қытай деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:36 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG