Accessibility links

Астанадағы айтыс: Нағыман мен Серікзат


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның екісі 2-сі мен төрті 4-і аралығында Астанада қазақстан Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Осы айтысқа Қытайдан арнайы шақыртумен келген Нағыман Жұқанұлы астаналық Серікзат Дүйсенғазинмен айтыстың екінші күні сөз сайыстырды. Айтыскерлер екі елдегі кейбір саяси саяси тақырыптарды да тілге тиек етті.

Сөз бастаған Серікзат Дүйсенғазин оралмандар мәселесін сөз етті.

– Отанға келгісі кеп жүрген қандастар көп,
Келтіруге келгенде кембағалмыз.
Жылына 15 мыңдай квота бөліп,
Үкіметтен үнемдеп теңге алармыз.
Ол жақтағы консулдық виза бермей,
Күттіріп алты ай елді алдағанбыз.
Келгендерді кемсітіп «оралман» деп,
Орысша білмейсің деп қорлағанбыз.
Тезірек көшірмесек қандастарды,
Біз қалай 20 миллион ел болармыз.
Кеудесінен итеріп бауырлардың,
Неге біздер тар жерде тар боламыз.
Қытайланып кеткен соң ондағы ұрпақ,
Келтірудің өзіне зар болармыз, - деді.

Нағыман Жұқанұлы қарсыласының айтқанын әрі қарай былайша өрбітті :

– Көшкен елді тонатпас көрінгенге,
Кемелді шекараның заңы болса.
Көпшілікке жетпейді берген көмек,
Көк аттылар көлденең қағып алса.
«Нұрлы көшке» нұқсан кеп жатса егер,
Ағалар арғымаққа тағы қонса.
Делқұлы делдалдардың демін басып,
Жемқорлардың жемсауын жарып алса, - деп жырлады.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG