Accessibility links

Астанадағы айтыс: Нұрлан мен Еркебұлан


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Маңғыстаулық Нұрлан Мұсаев пен Астаналық Еркебұлан Қайназаров айтыстың екінші күні соңғы жұп болып сахнаға шыққан еді.

Қос ақын да қоғамдық тақырыптарды сөз етуді жөн санамады.

Сөз бастаған Еркебұлан Қайназаров өзіне дейінгі ақындардың ізімен президент Назарбаевты мақтап, «таңғажайып» Қазақстанды жырлады.

– Осыдан 20 жыл бұрын ғана,
Қазақстан дейтін ұл туылыпты.
Бүкіл түркі дүниесі шүйіншілеп,
Жер-жаһанның апшысын қуырыпты.
Жер түгілі айға да ақсарбас деп,
Қос қазақ Байқоңырға жүгіріпті.
Ен байлықтың иесі туылды деп,
Орыс біткен өмірден түңіліпті.
...Жас ұлдың тепкісіне шыдай алмай,
Атомның көзі мәңгі жұмылыпты.
Алты жасқа келгенде атқа мініп,
Отауы Ақмоладан тігіліпті.
Он тоғызда одаққа бастық болып,
Жарты әлем дәргейіне жығылыпты.
Бастылардың барлығы иіліпті,
Тізелінің барлығы жығылыпты, - деді.

Нұрлан Мұсаев Астана жайлы айтпады. Өзінің Маңғыстауын тілге тиек етті.

– Мұнайдың қаржысымен сіздің өлке,
Астанаң ажар қосты ажарыңа.
Мен бұны бұлдау үшін келген жоқпын,
Ду қоса келіп едім базарыңа.
Маңғыстауға ешкімнің өкпесі жоқ,
Ас салған бар қазақтың қазанына, - деді.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG