Accessibility links

Астанадағы айтыс: Нұрмат пен Әсем


Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Қызылордалық Нұрмат Мансұров үш күнге созылған айтыстың ақырғы күні астаналық Әсем Ережеқызымен сөз сайыстырған болатын.

Нұрмат Мансұров сөз бастағаннан-ақ елді "президентке қарсы келмеуге" үгіттеді:

- Жең ішінен жұдырық түйгендер көп,
Қалғандай араздығы қанға сіңіп.
Ұсақ-түйек жағдайды алға тартып,
Ағайын, қарамайық ханға суық.
Арба сырын қашанда ат біледі,
Бабам сөзін қалмайын мен жасырып.
Егер де ат алдына арба шықса,
Несіне әуре боламыз жолға шығып.
Жиырма жылда бітірдік талай жұмыс,
Өз балаңыз жасаған соң қолбасылық.
...Рахмет Нұрсұлтандай елбасыға,
Ойқастап қалың топты жарып шыққан.
Орта жолда арбасын шашып алмай,
Шыңына азаттықтың алып шыққан.

Билікке мадақ айтуда Әсем Ережеқызы да қарсыласынан қалыспады:

– Жағдайдан қырғыздағы аман болсақ,
Барыс боп болашаққа аттанамыз.
Қысып тұр қос бүйірден орыс, қытай,
Қос дәудің ортасында қап барамыз.
Ұстанып Абылайдың сара жолын,
Нұрағам қалдырды артқа «ат балаңыз».

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG