Accessibility links

Астанадағы айтыс: Сара мен Аманжол


Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Алматылық Сара Тоқтамысова үш күнге созылған айтыстың ақырғы күні астаналық Аманжол Әлтаевпен сөз сайыстырған болатын.

Сөз бастаған Сара Тоқтамысова қарсыласы Аманжол Әлтаевтың «қалауыңды ал» деген сөзіне орай:

– Ең бірінші қалауым -
Мұнайым, мысым, алтыным.
Шетелдіктер ап жатқан,
Халықтың құты - кеніміз.
Одан соңғы қалауым -
Асылзада, аяулым,
Алашымның айбыны,
Кенесарының Питерден
Басын әкеп беріңіз.
Одан соң жауы халықтың,
Атанып кеткен арыстар.
Солардың, аға, дәл бүгін,
Қабірін тауып көріңіз, - деді.

Аманжол Әлтаев сөзінің соңын партияларды сипаттаумен түйіндеді.

- «Нұротан» деген бір дәу бар,
Партиялардың дарасы.
Құрығы ұзын бәрінен,
Секілді байдың баласы.
Келесі сайлауыңда да,
Сол жеңеді ғой шамасы.
...Патриот партиясының,
Едірейген мұрты бар,
Ыстақанға ғана ырқы бар,
Жұмбақтау боп тұр жағасы.
«Ақжолыңыздың» артында,
Машкеевич тұрғандай,
Ішінде болып аласы.
Атауы «Ақжол» болғанмен,
Жасырулы тұр қарасы.
Осының бәрін айтқанда,
Оппозиция дегенмен,
Қытай етігі секілді,
Сапасыз болып тұр бағасы, - деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG