Accessibility links

Серік пен Мұхтардың айтысы


Серік Қалиев, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Серік Қалиев, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Айтыс сахнасынан аса көп көріне бермейтін семейлік Серік Қалиев қызылордалық Мұхтар Ниязовпен осы айтыста кезікті.


Екі ақын да Қонаев тақырыбымен шектеліп қалған жоқ, әлеуметтік-саяси мәселелерді қозғады.

Сөз бастаған Серік Қалиев қарсыласына қарата былай деді:

- Бұрын сен «Нұр Отан» деп айғайлаушы ең,
Төбедегі төрелердің төріне асып.
«Ақжолға» дауыс әбден жинапсың ғой,
Қандай сыйлық жасады Перуашев?
Ажырасқан бүгінде түлкіге ұқсап,
Жүрсің ғой ары қашып, бері қашып.
«Ақжолға» дауыс жинап мәз болдың ғой,
Сырдың елі жатқанда арып-ашып.

Мұхтар Ниязов бұл сөзге уәж ретінде:

- Компасынан айрылған компартия,
Қайтадан жарап қалды ел бастауға.
Бір бұрышқа «Ақжол» да жайғасты ғой,
Ішінде оның Азат Перуашев бар ма?
«Нұр Отан» «дедовщина» қып жүрмесін,
Парламентке енді келген «перваштарға», - деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG