Accessibility links

Астанадағы айтыс: Төреғали мен Нұржан


Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Қызылордалық Төреғали Төрәлі мен семейлік Нұржан Өмірбаев айтыстың екінші күні айтысты. Екі ақын да өздеріне дейінгі айтыскерлер секілді «Астананың көркін жырлауды» ұмытпады.

Төреғали Төрәлі бұл жолы өз туған қаласы – Байқоңырдың мәселесін сөз етті.

– ...Нұржан туған жерімді сұрап жатыр,
Байқоңырдай елімнің болашағы,
Көрінбейтін бұлыңғыр тұманда тұр.
Атырабы айналып Ресейге,
Жапырағы елімнің қурап жатыр.
Байқоңыр бүкіл елге ұнап жатыр,
Астында мұның үлкен күмән жатыр.
Өз әкесі өз қолымен бергеннен соң
Өгей әке өкіртіп сынап жатыр.
Шыдамай Ресейдің тепкісіне,
Байқоңырым еңкілдеп жылап жатыр, – десе, енді бірде Желтосанды тілге тиек етті:

– Төбемізге қара бұлт үйірілді,
Құлаған күн Қонаев Димаш аттан.
«Желтоқсанда мен бүйттім, мен сүйттім» деп,
Батырлар шығып жатыр би-манаптан.
Шын батырлар сол кезде алаңда өліп,
Жалған батыр тығылып үйде жатқан.
Шын батырлар кеудесін оққа тосып,
Жалғандары жебесін қиғаш атқан.
Шын батырлар бүгінде көрде жатыр,
Жалғандары коттедж, вилла соққан.
Қазақтың қаһарманы болғысы кеп,
Сыбаға дәметеді сыйлы ошақтан.

Ал Нұржан Өмірбаев айтыс ақындарын сол тұстағы тарап кеткен парламентпен шендестірді:

– Ақындар – тәңір қойған депутаттар,
Бағынбаспыз жағымсыз заңға көп біз.
Бірақ та бізді ешкім тарқатпайды,
Сайланған мәңгілікке сардар ек біз.
Үш жүз мың жалақысы болмаса да,
Үш жүздің мұңын айтқан парламентпіз.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:33:01 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG