Accessibility links

Жандарбек пен Айбектің айтысы


Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы - Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиев.

Бұл екі ақын Қазақстандағы түрлі діни ағымдарды көбірек сөз етті.

Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов құмалақшы кемпірге сенетін «қазағым, осыншалық аңқау ме едің» деп бір қайырды:

– Бұ дүниеде Аллаға серік қосып,
Білгің келеді болашақ дерегіңді.
Құмалақшы кемпірге жүгінесің,
Алла алдында түсіріп беделіңді.
Өзіңнен тиын-тебен тілеп отқан,
Ол кемпір қайдан берсін керегіңді.
Қазағым, осыншалық аңқау ме едің,
Көтерген түбі тесік шелегіңді.
Қойдың өзі менсінбей тастап кеткен,
Құмалаққа сыйынып не көрінді.

Айтыста дін тақырыбын көп қаузаған Жандарбек сөз арасында хиджабты да сөз еткен болатын. Қарсыласының сөзін қостаған Айбек Қалиев:

– Хиджабқа қарсы үкімет заң шығармақ,
Апырай, сірә, иман бар ма оларда.
Хиджаб киген қыздарға тиым салу,
Айтыскер ақын Айбек Қалиев. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.

Ақылдының ісі емес аңдағанға.
Әйелдің киімімен арпалысып,
Билікте басқа жұмыс қалмаған ба? – деді де, бүгінгі биліктегі жастарды да сынап өтті:

– Біздің елде жастардың саясатын,
Орыс тілді жастарға бұрып кетті.
Өткізген жиналыстың бәрі орысша,
Сондықтан болашағың күдікті етті.
«Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ,
Қолынан жас қазақтың құрық кетті.
Өтешов Нұрлан деген серкелерің,
Қазақшаға ауызын буып кетті.
Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң,
«Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті.
Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров,
Аузына келгенді айтып, үріп кетті.
Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші
Февральмен құттықтап, қуып кетті.
Кешегі жас арыстан Ғанилардың,
Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті.
Қайрат пен Ләззаттай ірілердің,
Ізбасары іркіттей іріп кетті.

Жандарбек пен Айбектің айтысы
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG