Accessibility links

Жарқынбек пен Айнұрдың айтысы


Жарқынбек Наушабаев, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Жарқынбек Наушабаев, айтыскер ақын. Шымкент, 16 наурыз 2012 жыл.

Наурыздың 15-і мен 16-сы күні Шымкент қаласында «Наурыз айтысы» өтті. Айтыстың екінші күні ақындардың ақырғы жұбы болып сахнаға Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Жарқынбек Наушабек пен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты.


Қарсыласының «Қашан көрсем осы шапанды шешпейсің, басқа мініңді таппадым» деген сөзіне орай Жарқынбек Наушабек айтысқа тән әзілмен:

- Баяғыда Қожанасыр шапанының,
Білсеңіз, оған құны бөлек екен.
Қай жаққа барса да тастамастан,
Үстіне жапсырып келеді екен.
Мұны көрген кемпірі Қожекеңе
Қайта-қайта ұрыса береді екен.
«Неге кидің?» деген сөзге
Қожекең былай сөзбен өреді екен.
«Шапан кисем жастық шағым елестейді»
Деген сөзбен кемпірін жеңеді екен.
Сол кезде кемпірі көңілденіп,
Екеуінің ортақ қамын жеген екен.
«Шапан кисең жастық шағың елестесе,
Түнде де киіп жатшы» деген екен, - деп жауап қатты.

Айнұр Тұрсынбаева айтыс өтіп жатқан өңірге арнап мадақ айтып:

- Қаратауменен жалғасқан
Дешті Қыпшақтың жазығы.
Шәмші әні болып төгілген
Отырарымның саз үні.
Түркістан еді қазаққа
Таусылмас жанның азығы.
Шегесі сендер рухымның,
Ұясы сен де ұлтымның, - деді.
Айтыстың соңында қазылар шешімімен Астанадан келген Әсем Ережеқызы бас жүлде - 1 миллион тенгені алды. Бірінші орынды (700 мың теңге) Жарқынбек Наушабек иеленсе, екінші орын (500 мың) Бекарыс Шойбековке бұйырды. Ал Мұхтар Ниязов үшінші орынды (300 мың) місе тұтты.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG