Accessibility links

Ақкөлдегі музыка мектебі орнында қалмақ


Ақкөлдегі музыка мектебінің оқушысы Ольга Вернигорова. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Ақкөлдегі музыка мектебінің оқушысы Ольга Вернигорова. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Ақмола облысындағы музыка мектебінің ғимаратын "Нұр Отан" партиясына беру туралы дау жөнінде Азаттық жариялаған мақаладан соң жергілікті биліктің мектепті көшірмейтіні белгілі болды.

Осы аптада Азаттық тілшісі Ақмола облысы, Ақкөл ауданына барып, осы аудан орталығында орналасқан балалар музыка мектебі төңірегіндегі даудың жай-жапсарын анықтап қайтқан еді.

Бұған дейін аудандық әкімшілік мектеп ғимаратын «Нұр-Отан» партиясының жергілікті филиалына кеңсе ретінде беріп, білім орнын оқу-өндірістік комбинаттың бір бөлігіне көшіру туралы ұсыныс айтқан. Алайда ата-аналар бұл ғимаратты музыкалық мектеп ретінде жабдықтап, қайта жөндеудің мүмкін емес екенін, балалардың комбинат тұрған ауданға қатынауы қиын екенін айтып, әкімшілік шешіміне қарсылық танытқан болатын.
Ақмола облысы әкімдігінің "Азаттық радиосына" берген ресми жауабы. 20 маусым 2013 жыл.

Ақмола облысы әкімдігінің "Азаттық радиосына" берген ресми жауабы. 20 маусым 2013 жыл.


Маусымның 20-сы күні Азаттық сайтында мақала шығысымен бірнеше сағаттан соң жергілікті биліктің өз шешімін өзгерткені белгілі болды. Оқушылардың ата-аналарының бірі Наталья Носик Азаттық тілшісіне аудан әкімінің мектепті ешқайда көшірмей орнында қалдыруға уәде бергенін хабарлады.

- Әзірге, ауызша уәде берді. Ата-аналар «жазбаша жауап керек» деген соң әкім «қағаздар тез рәсімделмейді ғой» деп бүгін беруге уәде берген еді. Бірақ әлі алған жоқпыз. Жаңадан тағайындалған әкім кеше бірінші рет ата-аналармен сөйлесті, - деді ол.

Ақкөл ауданының әкімі Теміржан Едігенов Азаттық тілшісіне бұл ақпаратты
Жаңадан тағайындалған әкім кеше бірінші рет ата-аналармен сөйлесті.
растап, бірақ қағаз жүзінде ешқандай құжат қабылдауға қажеттілік болмағанын айтты.

- Құжат қабылдаудың не қажеті бар? Себебі мектепті көшіру туралы жоспар жай ғана сөз жүзінде ғана айтылған еді. Мектеп ешқайда көшірілмейді, - деді ол.

Ақмола облыстық әкімшілігінің Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабына сүйенсек, аудан әкімшілігі музыка мектебін «оқу ғимаратын тиімдірек қолдану» үшін оқу-өндірістік комбинатына көшіруді жоспарлаған. Олардың жазуынша, көлемі 700 шаршы метрілік комбинаттың 450 шаршы метрі мектепке берілуі тиіс болған. Бірақ бұл жоспардан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Ақкөлдегі музыка мектебі туралы видео

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG