Accessibility links

39 баланы қамқорлыққа алған отбасы


Астанадан 200 шақырымдық жердегі Макинск қаласының ерлі-зайыпты зейнеткерлері 10 жыл ішінде 40-қа жуық баланы қамқорлығына алған. Азаттық тілшісі үлкен отбасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Серік Әкімбаев пен Жаңылған Әкімбаеваның 44 баласы бар. Олардың 5-уі өз балалары болса, қалғандарын балалар үйінен патронаттық қамқорлыққа алған.

Отасқандарына 35 жыл толған зейнеткерлердің қамқорлығына алған перзенттерінің ішінде 9 этникалық топ өкілдері бар. Олардың жетеуі студент атанған. Отбасына алғаш келгендердің жасы қазір 40-тан асыпты. Ал кенжесі 4 жаста. Өз перзенттерінен бөлек 39 баланы бауырына басқан Жаңылған Әкімбаева Азаттыққа берген сұхбатында ері екеуі совет өкіметі кезінен бері жалғыз басты қарттар мен жетім балаларға қолдарынан келген көмектерін беріп жүргенін айтады.

2000 жылы ерлі-зайыптылар ақылдасып, Макинскідегі балалар үйінен 2 баланы патронаттық тәрбиеші ретінде қамқорлығына алады. Одан кейін қыс мезгілінде отбасы тағы да 6 баламен толығады. Ал келесі көктемде 8 баланың үстіне 3 бүлдіршін қосылады. Осылайша бала саны көбейе береді.

«БАЛАЛАРДЫҢ БӘРІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ»

Жаңылған Әкімбаева «тәрбие берудің оңай емес» екенін, балаларды тәрбиелей жүріп өзі де көпті үйренгенін айтты.

Қайрат Әкімбаев, Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

Қайрат Әкімбаев, Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

– Бұл балалар сондай өмірге тап болғанына кінәлі емес қой. Сондықтан тәрбие беру қиын болады, әрине. Шаршаған күнім де болады. Ешкімге көрсетпей, түнделетіп жылаған да күнім болды. Өзім де осы балаларды тәрбиелеймін деп жіберген қателіктерімді дұрыстап отырамын, - дейді ол.

Әкімбаевтар әулетіндегі қамқорлыққа алынған балалар спортпен де шұғылданып жүр. Кейбірі қазақша күреспен айналысады. Биыл 19 жасқа толған Ғабит Әкімбаев қазақша күрестен спорт шебері атанған. Қазір ол Көкшетаудағы Жоғары техникалық колледждің 2-курс студенті. Осы оқуын бітірген соң Ғабит Көкшетаудағы Ақан сері атындағы өнер колледжіне құжат тапсырмақшы. Оған ән айтқан ұнайды. Биыл 5-сыныпқа көшкен Қайрат Әкімбаев Александра Әкімбаева, Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

Александра Әкімбаева, Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

олса, өскенде суретші болуды армандайды. Ал 8-сынып оқитын Александра Әкімбаева болашақта шаштараз болғанды қалайды.

– Балаларым қазақ тілінде сөйлейді. Қазақ мектебіне барады. Мен оларға: «Қазақ тілінде сөйлеу өздеріңе керек. Алла жазса, келешекте барлық іс қағаздары қазақ тілінде жүреді. Сонда оқу бітіргенде өздеріңе жеңіл болады» дегенмін. Міне, қазір өздеріне рахат. Оңды болды. Қазір кейбір қазақтардың өздері екі сөздің басын құрап, қазақша сөлей алмайды. Оларға қарағанда, менің балаларым жақсы. Балаларым мешітке де барады, сүндетке де отырады, - дейді Серік Әкімбаев Азаттық тілшісіне.

КОТТЕДЖ, ЦЕХ ЖӘНЕ АВТОБУС

Серік Әкімбаев қала шетіндегі бұрынғы үйін кафеге айналдырып, той-томалақ жасағандарға жалға беріп отыр. Ал өздері әкімшілік тарапынан уақытша берілген екі қабатты котеджде тұрады.

Әкімбаевтар отбасы. Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

Әкімбаевтар отбасы. Макинск, Ақмола облысы, 18 тамыз 2013 жыл.

Отағасы құлағының мүкісі бар екенін, көзінің нашар көретінін айтады. 1-топтағы мүгедек ретінде ол жергілікті «Ерікті мүгедектер қоғамының» төрағасы қызметін де атқарады. Бұл ұйымның мыңнан астам мүшесі бар. Серік Әкімбаев отбасын асырау үшін қосымша табыс табу мақсатында тігін цехын ашқан. Мүгедектер қоғамының оншақты мүшесі бірлесіп, тапсырыс бойынша көрпе-төсек пен киім-кешек тігеді. Алайда көп балалы отағасының сөзінше, соңғы уақытта тапсырыс азайып, цехтан түсетін пайда кеміп кеткен.

Макинск қаласының үстінен қарайтын Бұланды ауданының әкімі Мұрат Балпан үлкен отбасыға «қолдан келген көмектерін көрсетіп отырғанын» айтады.

– Серік Әкімбаевқа көмек көрсетіп отырмыз. Әр мереке сайын балаларына қолдан келгенше сыйлық жасаймыз. Бұл кісі айына мемлекет тарапынан берілетін 200 мың теңге шамасында әлеуметтік жәрдем де алып отыр. Отбасында үлкен мәселелер жоқ. Биыл әкімдік тарапынан берілген екі қабатты коммуналдық коттедждің жылу жүйесін жөндеп бермекпіз. Бұған қажетті 350 мың
Патронат

Патронаттық қамқорлықтың бала асырап алудан айырмашылығы – қамқорлыққа алушылар балаға ата-ана емес, келісім-шарт бойынша тәрбие беруші ретінде қарайды. Сол себепті мұндай балаға қатысты мемлекеттің жетімдерге арналған жеңілдіктері сақталып қалады.
теңге көлемінде қаражат табылды. Осы жуық арада іске кірісеміз. Одан бөлек ол кісі шағын автобус сұраған. Көлік 1,5-2 миллион теңгедей тұрады. Оны да ойластырып жатырмыз. Бұйырса, күзгі жиын-теріннен кейін болып қалар. Негізі, жылу жүйесін жөндеуге және көлікке бюджетте қаржы қарастырылмаған. Ақшаны жеке кәсіпкерлер береді, - деді әкім Азаттық тілшісіне.

Қазір отбасы жаңа оқу жылына қызу дайындалып жатыр. Биыл бұл үйден 13 бала мектепке, 7 бала колледждегі оқуларына барады. Ал ересектері жұмыс істеп, нәпақаларын тауып жүр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG