Accessibility links

«Аяғы ауыр» бозбалаға аурухана 50 мың теңге айып төлейді


Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының нефролог-дәрігері Мұхит Байзақов пен "аяғы ауыр" бозбаланың анасы Екатерина Рафикова сот залында. Ақтөбе, 24 желтоқсан 2012 жыл.

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының нефролог-дәрігері Мұхит Байзақов пен "аяғы ауыр" бозбаланың анасы Екатерина Рафикова сот залында. Ақтөбе, 24 желтоқсан 2012 жыл.

15 жасар бозбалаға «аяғы ауыр» деген диагноз қойған Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасы сот шешімімен 50 мың теңге моральдық шығын төлейтін болды. Бірақ бұл шешімге жәбірленуші разы емес.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ердос Баймановтың ақпанның 14-і күнгі шешімі бойынша дәрігерлер «аяғы ауыр» деп емдеген Байжан Алдашевтың 50 мың теңге моральдық өтемақысын, анасы Екатерина Рафикованың сот процесі кезіндегі 5 мың 809 теңге материалдық шығынын Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасы төлеуі тиіс.

«ДӘРІГЕРДІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ»

Тоғызыншы сыныптың оқушысы Байжан Алдашевтың анасы ұлына келтірілген моральдық шығынды 10 миллион теңге деп бағалаған еді. Ол Ақтөбе қалалық сотына жазған шағымында «кәсіби міндетіне салғырт қараған дәрігердің жұмыстан қуылуын» да талап еткен. Судья Ердос Байманов жәбірленуші тараптың екінші талабын қанағаттандырмады.

– Балам ауруханадан шығарда қолымызға берген қағазда «аяғы ауыр» деп тайға таңба басқандай жазулы тұр. Дәрігердің салғырттығы мен біліксіздігін дәлелдеу үшін осыдан артық қандай айғақ керек? Мен бұл істі аяқсыз қалдырмаймын, – дейді Екатерина Рафикова.

Сотта жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Юрий Фильчуковтың Адвокаты Юрий Фильчуков. Ақтөбе, 24 желтоқсан 2012 жыл.

Адвокаты Юрий Фильчуков. Ақтөбе, 24 желтоқсан 2012 жыл.

айтуынша, «нефролог-дәрігер Мұхит Байзақов бүйрегінде кінәраты бар баланы пентоксифиллин, фуросемид деген дәрілермен емдеген».

– Фуросемидтің нұсқаулығымен танысып шықтым. Оны бүйрегінде кінәраты бар адамдарға мүлдем қолдануға болмайды. Ал пентоксифиллинді 18 жасқа толмаған пациенттерге пайдалануға тыйым салынған. Одан бөлек, сот кезінде сарапшылар медициналық құжаттардың талапқа сай толтырылмағанын да анықтады. Яғни қай дәрінің нақты қандай мөлшерде берілетіні жазылмаған. Судья осының бәріне көз жұмып отыр, – дейді Юрий Фильчуков.

«КОМПЬЮТЕРДІҢ АҚАУЫ»

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының нефролог-дәрігері Мұхит Байзақов сот процесі кезінде өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Дәрігердің сөзіне қарағанда, ол «науқасқа тиісті ем-домын жасаған, ал ауруханадан шығарда берілген құжат компьютердегі ақаудың салдарынан болған».
Бұл қателік – жаңадан енгізілген компьютерлік технологиялардың кесірі.

Ер адамға «аяғы ауыр» деп диагноз қойған оқиға өткен жылдың соңында Алматы облысында да болған еді.

Жұмысқа тұру үшін ауруханадан анықтама алған Сергей Ерофеев есімді 50 жастағы азаматқа дәрігер «аяғы ауыр» деп жазып берген. Бұған наразы болған Ерофеев дәрігерлерді сотқа беретінін мәлімдеген.

Оған диагноз қойған дәрігер «сол күні жүкті әйелдерге екпе салып жатқандықтан қателесіп кеткенін» айтқан, ал аурухана «бұл қателік – жаңадан енгізілген компьютерлік технологиялардың кесірі» деген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG