Accessibility links

Балық сүйегінен сурет салатын шебер медаль алды


Әсия Ойнарова халықаралық мүгедектер қозғалысы берген медальді көрсетіп отыр. Ақтөбе, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Әсия Ойнарова халықаралық мүгедектер қозғалысы берген медальді көрсетіп отыр. Ақтөбе, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Ақтөбелік Әсия Ойнарова халықаралық мүгедектер қозғалысының «Доброта спасет мир» медаліне ие болды.

Бұл туралы бүгін Азаттық тілшісіне қозғалыс төрағасы Сергей Чуйков хабарлады.

Сергей Чуйковтың айтуынша, АҚШ, Германия, Словения және ТМД-ның он мемлекеті мүше, 2008 жылдан бері БҰҰ-мен тығыз байланыста жұмыс жасап келе жатқан бұл қозғалыстың штаб-пәтері – Тараз қаласында.

– Біздің қозғалысқа мүше елдердің арасындағы АҚШ пен Германияның азаматтарына жетіспейтіні – кәдімгі аралас-құраластық қана. Өйткені оларға өздері тұратын мемлекет жан-жақты әлеуметтік қолдау жасап отыр. Ал Қазақстандағы жағдай мүлдем басқа. Мың мұңымыздың бірі – Қазақстанда мүгедектерді оңалтатын республикалық орталық жоқ. Үнемі жер асып, су асып кетеміз. Ал бұл мүгедек адамға оңайға соқпайды. АҚШ-та болсын, Германияда болсын, кез келген кәсіпорын мүгедек адамды жұмысқа қабылдауға мүдделі. Сол үшін жұмыс беруші мемлекеттен субсидия алады. Қазақстандық мүгедек алақан жаятын қайыршымен тең, – дейді Сергей Чуйков.

«БІРЕУГЕ ҚАРАП ШҮКІР ЕТЕМІН»

Ақтөбелік Әсия Ойнарова өзі секілді мүгедектерге қолдау көрсеткені үшін халықаралық мүгедектер қозғалысының «Доброта спасет мир» медалін қыркүйектің 21-і күні Тараз қаласында алды. Бойы үш жасынан соң өспей қалған (бір метрден аласа) әйел – қазір әлемнің 13 мемлекетінде 52 мыңнан астам мүшесі бар халықаралық қозғалыстың Ақтөбедегі өкілі.

– Маған медаль тапсырған халықаралық ұйым ақтөбелік мүгедектерді үй жағдайында оңалту, Қырымдағы шипажайға аттандыру, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге қол ұшын беру секілді міндеттер жүктеп отыр. Түймеқыз (Әсияны достары осылай атайды) енді түйедей мәселелермен айналыспақшы, – деп күлді Әсия Ойнарова.

Әуесқой суретші Әсия Ойнарованы танымал еткен – балық сүйегін пайдаланатын Әуесқой суретші Әсия Ойнарова (бірінші қатардағы оң жақтан бірінші) "Тұмар" шығармашылық тобының мүшелерімен бірге. (Жеке мұрағаттағы сурет)

Әуесқой суретші Әсия Ойнарова (бірінші қатардағы оң жақтан бірінші) "Тұмар" шығармашылық тобының мүшелерімен бірге. (Жеке мұрағаттағы сурет)

өнері. Балық сүйегін қатырма қағазға желімдеп, түрлі картина салушылар Қазақстанда бірен-саран ғана.

Әсия Ойнарова былтыр өзі секілді мүгедек шеберлердің басын қосып, «Тұмар» деп аталатын шығармашылық топ құрды. Топ мүшелерінің бірі көрпе құраса, енді бірі – кәде-сый жасаудың шебері. Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы жанындағы «Тұмарға» қазір жиырма шақты адам мүше.

– Ақтөбеде тұрмысы менен де нашар мүгедектер көп. Біреуге қарап бүкір, біреуге қарап шүкір боламын, – дейді барлық тапқан-таянғанын жалдамалы пәтеріне төлейтін, «түйедей мәселелерді шешкісі келетін» Әсия Ойнарова.

Ақтөбедегі Әсия сияқты жандардың 1,1 пайызы ғана жұмыс істеп жүр. Бұл деректі айтқан облыстық прокуратура өкілі Маратбек Мырзамұратов сөзіне қарағанда, «Жергілікті атқарушы орган бекіткен квота бойынша, әрбір кәсіпорындағы жұмыс орындарының 3 пайызы мүгедектерге тиесілі болуы керек. Бірақ прокурорлық тексеру ақтөбелік жұмыс берушілердің бұл талапты орындамай отырғанын анықтаған».

Әуесқой суретші Әсия Ойнарованың балық сүйектерінен жасаған туындыларын мына жерден көре аласыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG