Accessibility links

"Ақтөбе оқиғасы" ненің көрсеткіші?


Ақтөбе оқиғасында қаза тапқандармен қоштасу рәсімі. 8 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе оқиғасында қаза тапқандармен қоштасу рәсімі. 8 маусым 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында 5 маусымда Ақтөбеде болған қарулы шабуыл және полицияның оған қарсы операциясы, осы оқиғалар кезіндегі қоғам мен биліктің әрекеті талқыланды. Студияда саясаттанушы Расул Жұмалы сарапшы болды.

12 маусым күні Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Ақтөбеде маусымның 5-і күні жасалған қарулы шабуылдарға қатысты іздеудегі күдіктілердің бәрі қолға түскені туралы мәлімдеді.

Айтуынша, терроризмге қарсы арнайы операциялар барысында 9 күдікті ұсталып, 18-інің көзі жойылған, олар ұрлаған 23 дана қару тәркіленген. Шабуылдаушыларға қатысты қозғалған 25 қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген. Білісбеков республикалық жедел штабтың шешімімен Ақтөбе облысы бойынша террористік шабуыл қаупі ең жоғарғы (қызыл) деңгейден бәсең (сары) деңгейге түсірілгені туралы хабарлады.

Ақтөбедегі оқиғаларға билік ресми түрде «террорлық шабуыл» деп баға берді, алайда әзірге қандай да бір ұйым бұл шабуылды мойнына алған жоқ. Билік «терроршы» деп атаған қарулы топ өкілдері тарапынан нақты талап, кепілге ұстау, ұран естілмеді.

Бұл ненің белгісі? Президент шабуыл жасалғаннан үш күн өткеннен кейін ел алдына шықты, Қауіпсіздік кеңесінің отырысы шабуылдан соң бес күннен кейін өтті. Бұлайша кешігудің саяси астары бар ма? «Көзі жойылған» және іздеудегі «терроршылар» делінген тізімнен кездейсоқ азаматтар өздерін тауып жатты. Мұны қалай түсінуге болады? Осы және өзге де сауалдарға саясаттанушы Расул Жұмалы жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG