Accessibility links

Советтік құпия соғыс жауынгері жеңілдікке жете алмай жүр


Әскери мүгедек Шәміл Айметов әлеуметтік қорғау басқармасының алдында тұр. Ақтөбе, 24 қаңтар 2011 жыл.
Әскери мүгедек Шәміл Айметов әлеуметтік қорғау басқармасының алдында тұр. Ақтөбе, 24 қаңтар 2011 жыл.

Совет әскерінің екінші топтағы мүгедегі Шәміл Айметовтің соғысқа қатысушы ретінде коммуналдық жеңілдік алу үшін сергелдеңге түсіп жүргеніне үшінші жыл болды. Алайда Ақтөбе шенеуніктері оның мұндай жеңілдік алатын жөні жоқ деп отыр.


Шәміл Айметов 1969 жылы СССР мен Қытай арасында Даман аралы үшін болған шекаралық қақтығысқа қатардағы совет жауынгері ретінде қатысып, автоколонна басқарғанын айтады.

Қанды қақтығыстан кейін, сол жылдың аяғында Қиыр Шығыстағы Уссурий өзенінің ортасында жатқан ұлтарақтай арал ақыры Қытайға өтті.

Сөйтіп Совет жауынгерлері текке қан төккен болып шықты, ал осы қас-қағым ұрыста жараланған қазақ жауынгері әлі күнге дейін кедейшіліктің кебін киіп жүр.

«Жауынгерлік қызметімді Түркістан әскери округінде бастадым, – дейді
Бұрын мүгедек екенімді айтуға да ұялатын едім, бүгінгі жоқшылық айтпасқа қоймай тұр.
Шәміл Айметов. – Подполковник Барсигян мені автоколоннаның жетекшісі етіп тағайындады. Тарсыл-гүрсіл, жарылыс басталып кетті. Көп солдат өлді, өзім де қатты соққыдан естен танып қалдым. Әскери госпитальда менің емделу құжатыма «әскери қызметін өтеп жүргенде жараланды» деп жазып берді».

Өзінің айтуынша, ол госпитальда бірнеше жыл жатқан, ақыры мүгедек ретінде зейнетке шыққан.

«Мемлекет үш бөлмелі пәтер берді. Мәскеуде қорғаныс министрі Гречконың өзі «Волга» машинасын сыйға тартты. Емделу үшін санаторийлерге жиі барып тұрдым. Совет Одағы кезінде жеңілдіктер көп еді, мемлекет мүгедектерге жан-жақты қамқорлық жасады. Қазір бәрі басқаша», – дейді Шәміл Айметов.

"Енді, міне, ары тартсаң бері жетпейтін зейнетақы мен жұмыссыздық салдарынан жеңілдік сұрап, әр есікті бір ашуға мәжбүрмін" дейді бұрынғы совет жауынгері.

– Совет әскерінің мүгедегі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестірілген адаммын. Бірақ олардан зейнетақыны екі есе кем аламын, коммуналдық жеңілдіктер де жоқ. Бұрын мүгедек екенімді айтуға да ұялатын едім, бүгінгі жоқшылық айтпасқа қоймай тұр. Осыған дейін 27 мың теңге зейнетақы алып келдім, қаңтар айынан бастап 32 мың теңге болды. Ал жаңа жылға дейін картоптың бағасы 90 теңге еді, қазір 200 теңге. Мұндай зейнетақыға қайтіп күн көруге болады? – дейді Шәміл Айметов.

Ол көптеген мекеме басшыларына кіріп сөйлескенін, бірақ еш нәтиже шықпағанын айтып отыр.

– «НұрОтан» партиясына, әскери комиссариатқа, әлеуметтік қорғау департаментіне, мәслихат депутатына да бардым. Жұмысқа тұрайын десем, мүгедек адамды ешкім алғысы келмейді. Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қабылдауына үш ай күтіп, зорға жеттім. Әкімнің кабинетінде бас-аяғы бір-ақ минут болдым. Ол мені дереу әскери комиссариаттан анықтама алуға жөнелтті. Анықтамасын алдым, бірақ мәселе шешілмеді. Бұрын тіпті министрге де кіре алатын едік, ал қазір ешкім құлақ салып тыңдамайды да, – дейді Шәміл Айметов.

Ақтөбе облыстық әлеуметтік қорғау басқармасындағылар қазір жеңілдіктердің барлығы бір ретке келтіріліп жатқанын айтады.

– Коммуналдық жеңілдіктер мәслихаттың шешімі бойынша Ұлы Отан
Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қабылдауына үш ай күтіп, зорға жеттім. Әкімнің кабинетінде бас-аяғы бір-ақ минут болдым.
соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысының жауынгерлері мен Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушыларға, Семейдегі ядролық сынақ зардабынан мүгедек болғандарға беріледі. Ал Шәміл Айметовтың категориясы бұл тізімде жоқ. Үкімет жеңілдіктердің барлық облыста бірдей болғанын көздеп отыр, – дейді ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің маманы Рита Сиражетдинова.

«Ауғанстан ардагерлер одағының» жетекшісі Гумер Галлеев «Ардагерлер туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынып жүргенімізге бірнеше жыл болды дейді.

– Бізге соғысқа қатысушылар мәртебесін беруді сұрап отырмыз. ТМД елдерінде коммуналдық қызметтерге төлемейтін біз ғана. Мен үшінші топтағы мүгедек ретінде 27 мың теңге зейнетақы аламын. Әрине, бұл түкке де жетпейді. Шәміл Айметовтың 90-жылдардан бері өз категориясы бойынша мәселе көтеріп жүргені рас, ол жергілікті ұрысқа қатысушы болып саналады, – дейді Гумер Галеев.

Гумер Галеевтің мәліметінше, Ақтөбе облысында бұрынғы Совет әскерінің он шақты мүгедек солдаты мен мыңға жуық Ауған соғысының ардагерлері тұрады екен.

– Он сегіз жасымда денсаулығымнан айырылдым. Балаларымның да мендей болғанын қаламаймын. Сондықтан әскер қатарына жібермеу үшін оларға жоғары білім беру жолында қолдан келгеннің бәрі жасадым, – дейді Шәміл Айметов.
XS
SM
MD
LG