Accessibility links

Ақтөбеде журналист Әлима Әбдіроваға қатысты сот басталды


Журналист Әлима Әбдірова.
Журналист Әлима Әбдірова.

Ақтөбеде «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Азаттық радиосының осы облыстағы тілшісі Әлима Әбдірованың үстінен қылмыстық іс қозғалған.


Әлима Әбдірова өткен жылдың аяғында және биыл мамыр айында «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі ретінде Жайсаң интернатындағы «заңсыз әрекет жайлы» баспасөз мәслихатын өткізген еді. Бірлестік жетекшісіне қарсы қозғалған қылмыстық іске сол оқиға түрткі болған

Шағым беруші – Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Жайсаң ауылында орналасқан дамуында психологиялық кедергісі бар балаларға арналған интернаттың бұрынғы директоры Ирина Домбровская.

Шағым иесі Ирина Домбровская Әлима Әбдірованы «интернат басшылығына қатысты жалған ақпарат таратып, өзім мен отбасы мүшелерімнің ар-намысына, беделіне нұқсан келтірді» деп айыптап отыр. Ол соттан моральдық шығын үшін 5 миллион теңге, оған қоса сот шығындары үшін 60 мың теңге өндіріп беруді сұрап отыр.

ЖАЙСАҢ ИНТЕРНАТЫ

«Ару ана» қоғамдық бірлестігі баспасөз мәслихаттарында «Жайсаң интернатындағы тәрбиеленушілердің құқықтары тапталып, түрлі қатыгездік көріп, жыныстық зорлық-зомбылыққа, қысымға
...баспасөз мәслихаттарында «Жайсаң интернатындағы тәрбиеленушілердің құқықтары тапталып, түрлі қатыгездік көріп, жыныстық зорлық-зомбылыққа, қысымға ұшырайтынын» баяндаған

ұшырайтынын» баяндаған. Дәлел ретінде мектеп-интернаттың бірнеше баласының шағымы жазылған бейнежазбаны көрсеткен.

Осыдан соң жергілікті газеттерде, телеарналарда Жайсаң интернатына қатысты мақала, сюжеттер жарық көрді.

Айыпталушы Әлима Әбдірова «мектеп-интернатқа қатысты фактілер мен дәлелдері барына қарамастан», жергілікті құқық қорғау орындары оған байланысты іс қозғамай келіп, енді, керісінше, өзіне қарсы қылмыстық іс қозғағанына таң қалады.

Бұл іс бойынша алғашқы сот процесі 10 тамызда, екінші отырыс 11 тамызда өтті.

Әлима Әбдірованың айтуына қарағанда, судья Мақсат Дүйсен «іс тек жергілікті «Ақтөбе таймс» газетінің №20 санында (19.05.2011) жарық көрген «Интернатта балалардың мазақталғаны туралы фактілер бар» (авторы - Юлия Минина) атты мақала бойынша ғана өтетінін айтқан.

Оған қоса баспасөз жиыны тәрбиеленушілердің сөзіне негізделгендіктен «судья Мақсат Дүйсен шағымданған балаларды сотқа қатыстыруға рұқсат етпей отыр» дейді айыпталушы.

Оның айтуынша, сәрсенбілік сот отырысында аудио-бейне жазба жасау, қоғамдық қорғаушы жалдау, іс материалдарымен танысу туралы өтініш жасалған.

– Алайда өтініштерімнің барлығын судья қанағаттандырмай тастады, – дейді Әлима Әбдірова.

Әлима Әбдірова өзін сотта қорғайтын адвокат таба алмай отырғандығын да жеткізді. Оның айтуынша, осыған дейін бірнеше ақтөбелік адвокат «өздеріне қысым жасалады» деп қорқып, қорғаудан бас тартқан.

Үшінші сот отырысы 24 тамызға белгіленген.

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЕҢБЕРДЕГІ ДИАЛОГ»

Біз шағым иесі, интернаттың бұрынғы директоры, қазіргі оқытушысы Ирина Домбровскаяның үйіне хабарласқанымызда телефон тұтқасын көтерген адам «ол шығып кетті, қашан келетінін білмеймін» деп жауап берді. Мұнан кейін бес-алты рет хабарласқан кезде тұтқаны ешкім көтерген жоқ.

Мамыр айында Әлима Әбдірованың баспасөз мәслихатынан кейін жергілікті «Ақтөбе жаршысы» газетінде Ирина Домбровская мен
...«интернатта зорлық-зомбылықтың жоқ екенін, ақпарат құралдарындағы шу оқу процесіне кедергі келтіріп отырғаны» айтылады.

интернаттың қазіргі директоры Әсет Есалиннің сұқбаты жарық көрген. Ол сұқбатта бұрынғы және қазіргі директорлар «интернатта зорлық-зомбылықтың жоқ екенін, ақпарат құралдарындағы шу оқу процесіне кедергі келтіріп отырғаны» айтылады.

– Әбдірова ханым нені мақсат ететінін түсінбеймін. Егер жеке мені ұнатпаса (бір-бірімізді танитындықтан осылай шығар деп ойлаймын), онымен құқықтық шеңберде диалог орнатуға дайынмын. Бірақ мұнда мектеп пен балалардың қатысы қанша? 2011 жылы қаңтар айында директорлық қызметімнен босату туралы өтініш жаздым. Себебі Әбдірова ханымның арызынан кейін жүргізілген барлық тексерулерден кейін денсаулығым сыр берді. Әріптестерімнің бірі – мекеме есепшісі өмірден өтті. Тексеріс жүргізген барлық ресми органдар мектеп-интернатымыздан ешқандай да қаржылық заң бұзу, күш қолдану, ұрып-соғу, түсік жасату сияқты фактілердің ешқайсысын растаған жоқ, – дейді Ирина Домбровская Ақтөбе жаршысы» газетіндегі мақалада.

2009 жылдың шілдесінен бері осы аймақтағы Азаттық радиосының тілшісі ретінде де қызмет атқарып жүрген Әлима Әбдірова оқырмандарымызға соңғы бірнеше айда Ақтөбе облысында болып жатқан оқиғалар туралы жазған репортаждары арқылы жақсы таныс.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG