Accessibility links

«Қазақты қазақ қырған заман болды ғой» дейді Шұбаршиде көз жұмған полицейдің анасы


Маусымның 22-сі күні Ақтөбе облысындағы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта 2011 жылы шілде айындағы Шұбарши оқиғасы кезінде қаза тапқан бес полицейге ескерткіш тақта орнатылды.

Темір аудандық ішкі істер басқармасы ғимаратының алдындағы гранит монументке полиция сержанттары Нұрлан Алпысбай, Айдос Боранбаев пен аға лейтенант Руслан Жолдыбаев, майор Айболат Иманбаев, капитан Рүстем Кенжалиннің есімдері қашалып жазылған.

АНАСЫНЫҢ ӨКІНІШІ

Шұбарши оқиғасы былтыр маусымның 30-ынан шілденің 1-не қараған түні полиция сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты, билік кейін «дінді жамылып, мұнай ұрлаумен айналысқандар» деп атаған қарулы топ атып тастаған соң басталған.

Нұрлан Алпысбайдың жесірі, өзі де ішкі істер саласының қызметкері Жансая Мұхитова сол түні қызымен бірге Шұбаршидің шеткері көшесінде тұратын әпкесінің үйіне қонаққа барғанын айтады.

– Сол маңда кезекшілікте жүрген жолдасым Нұрлан Алпысбай түн ортасына таман келіп су сұрады, – деп еске алады Жансая Мұхитова. – Нұрлан шөлін қандырып, Нұрлан Алпысбай марқұмның қызы Шахназ бен жары Жансая Мұхитова. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

Нұрлан Алпысбай марқұмның қызы Шахназ бен жары Жансая Мұхитова. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

қызметтік көлігіне қарай бұрыла берген беті болатын. Бір топ адамның бізге қару кезеніп тұрғанын көрдім. Түнгі 11 жарымдар шамасы. Жүздерін анық көрмесем де, қазақтың қара домалақ балалары екені аңғарылып тұрды. Қарулары өздерінен үлкен. Алғашында түк түсінгенім жоқ. «Әй, балалар, әрі барып ойнаңдар!» деп қайталай бергенім есімде. Ал олар жолдасым мен оның әріптесі Айдос Боранбаевты соққыға жығып, «СОБР-лар қайда?» деп айғайлап жатты. Оқты алғашында аспанға, кейін жерге оңды-солды атып, қызым Шахназ екеуміздің де маңдайымызға автоматтарын кезенді. Бір мезетте бізге «кетіңдер» деп бұйырған соң мен баламды жетектеп қаша жөнелдім. Арт жағымда оқ қарша борап жатты. Олардың «тапаншалары мен телефондарын да алыңдар» деген дауыстарын да естідім. Жанұшыра жүріп, болған жайтты бірден учаскелік инспекторға хабарладым, – дейді сол түні оққа ұшқан полиция сержанты Нұрлан Алпысбайдың жесірі Жансая Мұхитова.

Нұрлан Алпысбай қаза боларынан бір апта бұрын Ақтөбенің іргесінде тұратын ата-анасының үйінде болып кеткен. Нұрланның анасы Ануза апай ең соңғы рет көргенінде ұлының:

«Мама, жұмысымыз қиындап кетті. КНБ-дағы жарылыстан соң (2011 жылы 17 мамырда Рақымжан Мақатов есімді тұрғын ҰҚК-нің Ақтөбе облыстық департаменті Шұбарши оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция сержанты Нұрлан Алпысбайдың анасы Ануза Балманова. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

Шұбарши оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция сержанты Нұрлан Алпысбайдың анасы Ануза Балманова. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

ғимаратында өзін-өзі жарып жіберген – ред.) жоғарыдағы басшыларымыз «аналарды (қарулы топты – ред.) тәртіпке салыңдар» дейді. Олардың бізге бағынғысы жоқ» деп шағынғанын айтады.

Нұрлан Алпысбай ол топтың «сендерді өлтіреміз» деп үнемі қоқан-лоқы көрсететінін анасына емес, ағасы Ерланға айтқан.

– Мен оны кейін естідім. Сол жолы құлағыма тигенде, жұмыссыз қалса да Ақтөбеге көшіріп алатын едім, – дейді марқұмның анасы Ануза Балманова.

Қазір полиция сержанты Нұрлан Алпысбайдың отбасы Ақтөбе қаласында тұрып жатыр.

«ӨСКЕНДЕ ПОЛИЦЕЙ БОЛАМЫН»

2011 жылы шілде айындағы сегіз күнге созылған қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан бес полицейдің соңында кәмелетке толмаған сегіз бала қалды.

Нұрлан Алпысбайдың тұңғышы Ділназ биыл бірінші сыныпты тәмамдады. Күн Марқұм Руслан Жолдыбаевтың қызы Аида анасын жұбатып тұр. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл,

Марқұм Руслан Жолдыбаевтың қызы Аида анасын жұбатып тұр. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл,

сайынғы жетістіктерін айтып, әкесінің суретіне есеп беріп отыруды әдетке айналдырған Шахназ – балабақшада.

– Папам жұмыста, – дейді 5 жастағы Шахназ.

– Қатты сағынып жүрмін, – деп қостады оны 7 жастағы Ділназ.

Арнайы жасақ сарбазы, марқұм Руслан Жолдыбаевтың 8 жастағы қызы Аида әкесі туралы өткен шақта сөйлеуді ұнатпайды.

– Менің папам – батыр. Мамам, папам және мен – бақытты отбасымыз, – деді Аида.

«Өскенде кім боласыңдар?» деп сұрап едік, бұл балалардың бәрі де «полицей боламыз» деп жауап берді.

«ШҰБАРШИ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚАРАДАЙ ЖЕК КӨРЕДІ ЕКЕН»

Маусымның 22-сі күні Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентіндегі ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында әріптестерінің монументіне таяққа сүйеніп келіп Шұбаршиде жараланған полицей Тұрарбек Ешпағамбетов. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

Шұбаршиде жараланған полицей Тұрарбек Ешпағамбетов. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

тағзым еткен полицей өзін «Тұрарбек Ешпағамбетовпін» деп таныстырды.

Былтыр шілдедегі Шұбарши оқиғасы кезінде омыртқасы мен басына оқ тиіп, қатты жарақат алған полицей жуырда ғана қызметіне қайта кіріскен екен.

Азаттық тілшісінің сауалдарына жарақатын ауырсынып тұрғандай қинала тіл қатқан Тұрарбек Ешпағамбетов «өткенді қозғай бергісі келмейтінін» айтты.

Ескерткіштің ашылу салтанатына былтыр шілдеде оққа ұшқан бес полицейдің туыстары түгел келді

– Ұлымның табанының табы қалған сай-саланың бәрі – қымбат. Қаны төгілген Шұбарши кентіне барып, белгі қойғымыз келеді, – дейді полиция сержанты Нұрлан Алпысбай марқұмның анасы Ануза Балманова. – Бірақ ол жақтағы жұрт полицейлерді қарадай жек көреді екен. «Қиратып тастауы мүмкін» деп кеңес айтқандар болды. Қазақты қазақ қырған заман болды ғой, – деді ол.

Былтырғы атыстан кейін іле-шала Азаттық тілшісімен сөйлескенде Шұбарши тұрғындарының кейбірі қаза тапқан полицейлердің өліміне жандары ауырмайтынын айтқан.

– Әрине, арнайы қызметтің сарбаздарына обал – олар өздерінің
міндеттерін орындады. Қаза тапқан полиция қызметкерінің бірі тұрғындар арасында Полицейлер ескерткіші жанында жылап тұрған ана. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

Полицейлер ескерткіші жанында жылап тұрған ана. Ақтөбе облысы Шұбарқұдық кенті. 22 маусым 2012 жыл.

«Бес литр» деген лақап атпен танымал жігіт еді. Ол жүргізушілерден ұдайы бес литр бензин алатын, пара алған. Мешітте намаз оқып тұрған намазхандарды артынан теуіп, кемсітіп, қорлап жүретін, – деген еді ауыл тұрғыны.

Шұбаршидің байырғы тұрғындарының бірі, қанды қырғынды көзімен көрген Ардақ Құбашева да сол оқиға жайлы көп ойланады.

– Әлі күнге дейін көкейімнен кетпейтіні бір сұрақ бар: Мынадай өркениетті заманда неге оларды (қарулы топты – ред.) қырып тастадық? Жақсы, олар жауыз болсын. Жауыздыққа неге жауыздықпен жауап бердік? Олар көз алдымызда өскен ауылдың жалаң аяқ балалары еді ғой. Ақ сүт берген аналары бар. Ауыл ақсақалдары бар. Күштік құрылымдар бірден операцияны өз қолдарына алып, қырып тастағанша неге келіссөзге соларды жібермеді? Қан төгілді ғой. Төгілген қан бөтен емес,өз балаларымыздың қаны емес пе? Тал түсте қырды да тастады. Аналары соны сұрауға қорқып отыр. Бұл қырғын үшін Алланың алдында кім жауап береді? – дейді Ардақ Құбашева.

2011 жылы шілдеде Ақтөбе облысы Темір ауданында «дінді жамылып, мұнай ұрлаумен айналысқан топ» (ресми биліктің сипаттамасы) пен полиция арасында болған қарулы қақтығыстан 17 адам (бесеуі - полицей, 12-сі – қарулы топ мүшесі) қаза тапқан.

Ресми мәліметтер бойынша, қарулы топ Сарыкөл, Шұбарши және Кеңқияқ ауылының тұрғындарынан құралған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG