Accessibility links

Түрмедегі шудан соң жиырма шақты адам қамалды


КА-168/2 түзету мекемесі маңында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесі маңында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.

Ақтөбедегі түрме жанында бірнеше күн бойы жиналып, наразылық танытқан адамдарға әкімшілік шара қолданылды. Олар «полицияға бағынбады» деп айыпталды.

Ақтөбе облыстық соты Ақтөбе қаласындағы жалпы режимдегі КА-168/2 түзету мекемесі маңында болған оқиғаға байланысты 26 адамға (оның сегізі – әйел) әкімшілік шара қолданды.

Соттың баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызының айтуынша, 26 адамның 23-і 15 күнге қамалған, емізулі сәбиі бар үш әйел 50 айлық есептік көрсеткішке тең (86 мың 550 теңге) айыппұл төлеу үкімімен босатылған.

Соттың хабарлауынша, «2013 жылы 9 қарашада Ақтөбе қаласындағы КА-168/2 мекемесі аумағында сотталғандарға келуші азаматтар уәкілетті орган қызметкерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде өкіміне немесе талабына қасақана бағынбай, сол сияқты тіл тигізіп, қарсылық көрсеткен».

ТӨРТ КҮН НАРАЗЫЛЫҚ

Ақтөбеліктер «алтыншы» деп атайтын, жалпы режимдегі КА-168/2 мекемесі қаланың батысындағы шеткері ауданда орналасқан. Осы түрмеде жазасын
КА-168/2 түзету мекемесі алдында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесі алдында жүрген тұтқындардың туыстары мен полиция қызметкерлері. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деген хабар естігендерін айтып, қарашаның 8-11-і күндері түрме маңына жиналған. Ашулы топ қарашаның 9-ы сенбі күні түске таман полицияның қоршауын бұзып, түрме аумағына өтпек болған.

Полиция түрмеге кірмек болған азаматтардың жолын бөгеп, оларды ішке енгізбеген.

– Түрмеге жақын маңда тұрғын үйлер мен мектеп, сауда нысандары бар. Сондықтан жергілікті полиция төрт тәулік бойы түрме маңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды жергілікті полиция.

Жазасын өтеушілердің бірінің туысы 9 қарашада түрме алдында ұялы телефонына түсірген видеода адамдар қоршауға әлсін-әлсін ұмтылады. Жылап-сықтаған әйелдер көрініп, «балаларымызды көрсетіңдер» деген дауыстары да естіледі. Видео адамдардың ту сыртынан түсірілген. Сондықтан олардың бет-жүздері анық көрінбейді.

Тұтқындардың туыстары түсірген видео. Ақтөбе, 9 қараша 2013 жыл.
Ақтөбе түрмесі алдындағы тартыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

Азаттық тілшісі бұған дейін «түрмедегі туыстарымызды өлімші етіп сабады» деп шағымданған адамдарға бүгін, 12 қарашада хабарласа алмады. Олардың ұялы телефондары сөніп тұрды.

КА-168/2 – ТАНЫМАЛ ТҮРМЕ

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесі алдындағы жұрт жиналған оқиғаға орай 11 қараша күні Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департамент басшысының орынбасары Мирболат Көпесов брифинг өткізген. Ол «түрмеде
КА-168/2 түзету мекемесін күзетіп тұрған адам. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
КА-168/2 түзету мекемесін күзетіп тұрған адам. Ақтөбе қаласы, 9 қараша 2013 жыл.
жоспарлы профилактикалық шара ғана өткізіліп жатыр», «ата-аналарды арандатып, жұртты дүрліктіріп жүрген – сырттағы бір топ жігіт» деген.

Ақтөбе қалалық полициясы түрменің сыртындағы қоғамдық қауіпсіздікті ғана қамтамасыз еткенін, түрме ішіндегі ахуалдан хабарсыз екенін мәлімдеген.

Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесі алдында бұдан бір жарым жылдай уақыт бұрын, 2012 жылы 1 маусымда да осындай оқиға болған еді. Ол кезде де «түрмеге әскер кіргізеді» деген хабар тарап, тұтқындардың жүзге тарта туыс-туғаны мекеме алдында түнеп шыққан. Бірақ түрме басшылығы абақтыға әскер кіргізілмегенін айтқан.

Оған дейін, 2012 жылы 5 сәуірде бұл түрменің бастығы Александр Баталов пен оның орынбасары Еділ Егізеков төрт жылға сотталған. Судья оларға «лауазымдық қызметі мен билігін асыра пайдаланды» деген айып бойынша үкім шығарған.

Тергеу материалдарына қарағанда, 168/2 түрмесінде жазасын өтеушілер өзара «жасылдар» (намаз оқитындар) мен «қаралар» (намаз оқымайтындар) болып бөлінеді. 2011 жылы жазда түрмеде ауыр дене жарақатына соқтырған төбелес болып, «қаралар» «жасылдарды» соққыға жыққан. Тергеу «бұл төбелес түрме басшыларының тапсырмасымен болған» деп айып таққан.
XS
SM
MD
LG