Accessibility links

Ақтөбенің «Бесінші абақтысы» бір толқып басылды


Ақтөбе тергеу изоляторында отырғандарды ұрып-соққаны туралы Youtube сайтында жарияланған видеодан көрініс. Ақтөбе, 11 шілде 2012 жыл.

Ақтөбе тергеу изоляторында отырғандарды ұрып-соққаны туралы Youtube сайтында жарияланған видеодан көрініс. Ақтөбе, 11 шілде 2012 жыл.

Жергілікті ресми өкілдер уақытша қамау орнында 20 адамның денелерін зақымдап, наразылық білдіргенін растады. Сезіктілердің туыстары «астаналық жаңа басшы келгелі ішкі тәртіп шектен тыс күшейді» дейді.

- Ақтөбедегі КА 168/1 мекемесіндегі режимге наразы 20 адамның қарындарын жарып, білектерін тілгілеп тастағаны рас. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық, - деді қылмыстық атқару жүйесі Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов.

Оның айтуынша, сезіктілер шілденің 11-і күні түскі астан бас тартып, тергеу изоляторындағы қалыпты жағдайды бұзған, заңсыз талаптар қойған.

- Олар изолятор корпусында тәулік бойы емін-еркін қозғалып, жақындарымен қалаған уақыттарында кездескілері келеді. Мобильді байланыстың болуын да талап етіп отыр, - деді Мирболат Көпесов.

«БИТТЕП ЖАТҚАНДАР ДА БАР»

Жергілікті жұрт «Бесінші абақты» деп атайтын тергеу изоляторының маңайын сезіктілердің туыстары шілденің 12-сі күні түс ауа да торуылдап жүрді.

- Бізді жуық арада туыстарымызбен кездестірмесі анық. Абақты басшылары айғай-шудың саябырсығанын тосып отыр. Бірақ біз темір тордың арғы жағынан КА 168/1 мекемесінің маңында жүрген адамдар. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

КА 168/1 мекемесінің маңында жүрген адамдар. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

«жақсымыз» деген хабар алмайынша ешқайда кетпейміз, - деді өзін «Хасанмын» деп таныстырған жігіт.

Оның айтуынша, «Бесіншіде» басшы ауысқалы бері изолятордағылардың жағдайы күрт қиындап кеткен. Жаңа басшы қызметіне кірісе сала талапты шектен тыс күшейткен.

- Бірақ абақтыдағылардың жағдайы бәз-баяғы қалпынша. Апталап монша көрмегендіктен араларында биттеп жатқандар да бар, - деді ол.

Аты-жөнін атамауымызды сұраған жас келіншек:

- Бұрын күйеуім ұялы телефоныма қоңырау шалып тұратын. Соңғы кездері одан да қалды. Себебі изолятор аумағына заглушка қойып тастаған, - деді.

Оның айтуынша, күйеуі қысқа кездесулер кезінде абақтыдағы жағдайдың адам төзгісіз екенін айтып шағынады. Құнарсыз ас, сыз тартып тұрған қабырғалар мен айлап жуылмайтын төсек-орын түрмедегі азаматтардың ашу-ызасын туғызған.

«ЖАСЫЛДАР» МЕН «ҚАРАЛАР»

- Әсіресе мұсылмандық жолын ұстанатындарға [түрмеде] қысым көп жасалады, - деді хиджаб киген үш әйелдің бірі. - Құқығымыз аяқ-асты болатын кездер көп. Ең аяғы оларға жайнамаздарын да бере алмай отырмыз, - деді ол.

Шілденің 11-інен бері «Бесіншіні» айналшақтап кете алмай жүрген Түрме маңында жүрген әйелдер. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

Түрме маңында жүрген әйелдер. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

ақтөбеліктердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған жазбада наразылық білдіруші тұтқындардың «Аллаһу акбар» деп айғайлап жатқан дауыстары анық естіледі.

Азаттық тілшісінің «Наразылық білдірушілер ислам дінін ұстанушылар ғана ма?» деген сауалына куәгерлер бірауыздан «жоқ» деп жауап берді.

- Білегі мен қарындарын тілгілеп тастағандардың біреуі ғана дін жолын ұстанады, - деді Айгүл есімді қала тұрғыны. - Оның өзі исламды жуырда ғана қабылдаған Ринат есімді брат. Қалғаны - «қаралар» (дін ұстанбайтын тұтқындар – ред.). Бұл наразылықтың дінмен ешқандай байланысы жоқ. Мұндағы кісі төзгісіз жағдайға «жасылдар» да (дін ұстанушы тұтқындар – ред.), «қаралар» да наразы, - деді Айгүл.

НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

КА 168/1 мекемесіндегі наразылық шілденің 11-і күні түстен кейін басталған. «Бас-аяғы жарты сағатта бұл маңға жүздеген адам жиналып қалды» дейді куәгерлер.

- Адамдардың қансырап жатқандығына қарамастан жедел жәрдем көліктері КА 168/1 мекемесі. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

КА 168/1 мекемесі. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

жергілікті уақытпен кешкі сағат алтыларда ғана абақты аумағына жіберілді, - дейді олардың бірі.

Оған дейін «Бесіншінің» маңайын полиция қызметкерлері қоршап, ешкімді маңайлатпай тұрған. «Туыстармыздың қансырап жатқандығы туралы хабар алып, бірден жедел жәрдемге қоңырау шалғанбыз. Бірнеше бригада келді. Бірақ полиция дәрігерлердің өзін абақты аумағына өткізген жоқ» деді оқиға куәгерлерінің бірі Хасан есімді жігіт.

- Мына бес қабатты үйдің шатырынан түрменің ауласы анық көрінеді. Кеше сол үйдің шатырынан жігіттердің «көмектесіңдер» деп айғайлап, наразылық білдіргендерін өз көзіммен көрдім. Ақжаймаға қан түстес қызыл бояумен «Помогите» деп жазып алыпты. Соған төзе алмай, ашуға бой алдырған әйелдерді полицейлер жұлқылап жатты. Әйелдерге араша түскен бір танысым полицияға қарсылық көрсеткені үшін бес тәулікке қамалды, - деді Хасан.

«30 ТУЫСЫН КІРГІЗДІК»

- "Тергеу изоляторында сезіктілерге зәбір көрсетіледі" деген ақпарат - жалған. Оған көздерін жеткізу үшін түрмедегілердің туыстарынан 30 адамды изолятор аумағына Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Ақтөбе облысы департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Ақтөбе облысы департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов. Ақтөбе, 12 шілде 2012 жыл.

кіргіздік, - деді қылмыстық атқару жүйесінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов.

Оның айтуынша, "наразылық білдірушілердің әрекеті - заңсыз. КА 168/1 мекемесіндегі жағдайды қалыпқа түсіру үшін қазір профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр".

Қылмыстық атқару жүйесі Ақтөбе облыстық департаментінің мәліметіне қарағанда, КА 168/1 мекемесі бастығының міндетін шілде айының 5-інен бері Жасталап Басаров уақытша атқарып отыр. Ал бұрынғы басшы Ақылжан Шәкеев денсаулығына байланысты демалысқа жіберілген.

Тергеу изоляторын басқарғанына жеті-ақ күн болған Жасталап Басаров туралы департамент басқа ақпарат берген жоқ. Ал сезіктілердің туыстары «жаңаша тәртіп орнатпақ болған жаңа басшының» астаналық екенін айтады.

Изоляторда отырғандардың туыстарының наразылығын мына жерден көре аласыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG