Accessibility links

Имамдар «адасқандарды қайтарып жатқанын» айтады


Досжан ишан мешітінде Құран кітабын оқып тұрған адам. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті. 16 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Досжан ишан мешітінде Құран кітабын оқып тұрған адам. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті. 16 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Сириядағы қазақтар» жайлы хабардан кейін ҚМДБ имамдары «өзге бағытта жүргендерді Ханафи мазхабына оралтқандарын» да айта бастады. Бірақ кей тұрғындар мұндай әрекетті дін бостандығын шектеу деп біледі.

Ақтөбенің 36 жастағы тұрғыны Ахат (есімі өз өтініші бойынша өзгертілді) бұрын «дәстүрлі емес» ислам ағымының мүшесі болған. Ел аралап уағыз айту үшін («дағуат» деп те атайды – ред.) Пәкістан асуды да жоспарлапты. Бірақ кейін ол райынан қайтқан.

– Дағуат кезінде жұртты дінге шақырудан өзге ештеңе ойлағанымыз жоқ. Бірақ дін деп жүргенімнің мүлдем басқа нәрсе екенін кейін түсіндім, – дейді Ахат.

Пәкістанның Райванд қаласына барып Ислам ілімін үйренбек болған Ахат – қазір мемлекеттік қызметкер. Ол былтырдан бері Әбу Ханифа мазхабын ұстанып жүргенін, көзқарасының өзгеруіне Ақтөбедегі «Нұрғасыр» мешіті әсер еткенін айтады.

«ДӘСТҮРЛІ ДІНГЕ ҚАЙТАРУ»

Ақтөбедегі «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлының сөзінше, «өзге ағым жетегінде жүрген жастар» Ақтөбе облысындағы Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарында көп.

– Мұндай жастар мешітке құлақтарына наушник салып алып келеді. Ондағысы – имамдардың уағызын тыңдамау. Олар имамдарды «тура жолдан тайдырушылар» деп санайды, – дейді наиб имам.

Серікжан Еншібайұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) атты республикалық діни бірлестік мүшелерінің бірі. Бейресми түрде "мүфтият" аталып кеткен бұл құрылым діни саясат бойынша Ақорданың ашық қолдауына ие. Соңғы Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешіті.

Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешіті.

бірнеше жыл ішінде Дін істері жөніндегі агенттік Қазақстанда негізгі «екі дәстүрлі дін бар екенін», олар исламның Әбу Ханифа мазхабы мен христиандықтың православиелік бағыты екенін жариялаған. Жаңа діни саясат аясында ондаған діни ұйым қайта тіркеуден өтпей қалған еді. Содан бері Қазақстанның барлық дерлік облыс және аудан орталықтарындағы ірі мешіттерді иеленген ҚМДБ имамдары исламның «дәстүрлі емес діни ағымдарына» өткен қазақстандықтарды «адаспауға» шақырып, уағыз айтып жатыр.

Ақтөбедегі «Нұрғасыр» мешітінің наиб-имамы биыл жазда Қандыағаш қаласындағы орталық мешітке жұма намазға жиналған жәмиғаттың ішінде тек жергілікті имам мен бес-алты ақсақалдың ғана «Ханафи мазхабы бойынша намаз оқып тұрғанын» көргенін айтты. Оның сөзінше, сол мешітке қазан айында қайта айналып соққанында Құрбан айт намазы үстінде имамға 20 шақты жас жігіт «ұйып» тұрған.

– Бұл осы мешітке ҚМДБ жолдамасымен келген имамдар айтқан уағыздардың әсері болса керек, – деп болжайды Серікжан Еншібайұлы.

Ал Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков «осы қызметке Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков. Ақтөбе, 3 тамыз 2012 жыл.

Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков. Ақтөбе, 3 тамыз 2012 жыл.

келгелі жеті адамның бетін бері қаратқанын» айтады. Ол жеті адамның әрқайсына 3 айдан 6 айға дейін уақытын жұмсағанын ғана сөз етті.

Ақтөбе қаласының бас имамы Бақытбек Тәжімбет Азаттық тілшісіне «дәстүрлі дінге» шақырып, уағыз айтып, апталап үй көрмей кететінін айтты.

– Құдай әрекетімізге берекет беріп, соңғы екі жылдың шамасында 50-ден астам ақтөбелікті дәстүрлі дінімізге қайтардық, – дейді бас имам.

«ӨЗГЕ МАЗХАБТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ»

Бір ғана діни мектепке ресми мәртебе беріп, қалған бағыттарды теріс деп жариялауды діни бостандығын шектеу деп түсінетін ақтөбеліктер де бар.

Ислам дінінің Дін істері агенттігі мен ҚМБД-ның түсінігіндегі «дәстүрлі емес» бағытын ұстанатынын айтқан Асланбек есімді ақтөбелік «жергілікті имамдар Айт намазын оқып тұрған адамдар. Алматы, 15 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Айт намазын оқып тұрған адамдар. Алматы, 15 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

жаратушыға да, заңға да қарсы шығып отыр» деп біледі. Оның пікірінше, имам Әбу Ханифаның жолы – Ханафи мазхабын ғана насихаттап, қалған мазхабтарды жоққа шығару – қате.

– Малики, Шафиғи, Ханбали немесе Ханафи болсын, қай мазхаб та сүннетке сүйенеді. Ханафиден өзге мазхабтарды жоққа шығаруға болмайды, – дейді ол.

Асланбектің пікірінше, Қазақстан дін мен мемлекет бір-бірінен бөлек, зайырлы ел болса да, имамдар Ханафиден өзге жолды ұстанушыларды реті келсе заңмен қудалауға дайын отырады.

– Өз басым Ханафи жолын ұстанушыларды жау көрмеймін, керісінше олардың бізге қарадай үрке қарайтынын байқаймын, – дейді ол.

Өзін діни көзқарасы үшін қызметтен қуылдым деп санайтын экс-судья Ағызбек Төлегенов «азаматтардың әрекеті қылмыстық, әкімшілік заңдардың шеңберінен шықпайтын болса, оларға қандай да бір діни көзқарас күшпен таңылмауы керек» деп санайды.

Қазақстандығы дін еркіндігі мәселесі соңғы жылдары халықаралық ұйымдар тарабынан да сынға ұшырай бастады.

Елде сенім бостандығы құқығын пайдаланғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған азаматтардың қатары көбейгенін Forum 18 ұйымы биыл қаңтарда жазды. Хиджаб кигендері үшін сабаққа кіргізілмеген студенттер. Атырау, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Хиджаб кигендері үшін сабаққа кіргізілмеген студенттер. Атырау, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Forum 18 сонымен бірге дін істері жөніндегі агенттіктің ҚМДБ құрамына енбеген мешіттерді ресми тіркемеуін де сынайды.

Ұйымның бұған дейінгі есебінше, Қазақстанда діни әдебиеттер цензураға ұшырап; билік мемлекет қолдайтын ақпарат құралдары арқылы діни төзімсіздікті қоздырып; дін таңдау бостандығына шектеу қойылып; тіркелген және тіркелмеген ұйымдар немесе жекелеген адамдар тергеліп, айып төлеп, бопсаға жолығып; діни топтардың әлеуметтік қызметтеріне тыйым салынып, кейбір дін ұстанушылар сотталған.

Қазақстанда жуықта қабылданған діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру жөніндегі мемлекеттік жоспар да елдегі діни топтарға қысымды үдетті. Билік бақылайтын ҚМДБ "дәстүрлі емес діни топтардан сақтану үшін" дәстүрлі исламды насихаттау бағдарламасын жасады.

Ақтөбеде 2011 жылы болған Рақымжан Мақатовтың жанкешті әрекеті мен Шұбарши оқиғасынан кейін ресми билік «Ақтөбе облысына жайылған діни экстремизм» туралы жиі айта бастаған. Іле-шала облыс бойынша жүздеген адам «радикалдық ислам ұстанушылары» деген желеумен түрмеге жабылды. Былтыр қараша айында Ақтөбеде дін істері агенттігі өткізген діни ахуал туралы жиында облыстық ІІД өкілі «қала түрмелерінде радикалдық ислам ұстанатын 300 адам отыр» деп мәлімдеген.

Ақтөбе облысындағы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 13 қарашада «Темір ауданының бірнеше тұрғыны Сирияға соғысуға кетті» деген ақпарат тараған соң өңірдегі діни ахуал қайтадан назарға іліге бастады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG