Accessibility links

«Экстремистік діни материалдарға» үкім шықты


Діни мазмұндағы материалдар қойылған сөре. Ақтөбе, 9 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Діни мазмұндағы материалдар қойылған сөре. Ақтөбе, 9 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе қалалық соты бірнеше аудиофайл мен кітапшаны «ұлтаралық және дінаралық араздықты туғызатын материалдар» деп таныды. Облыстық дін істері департаменті мұның кейбіріне күмән келтіреді.

Наурыздың 20-сы күні қалалық сот судьясы Ботагөз Алмасбаева «ұлтаралық және дінаралық араздық туғызады» деп бағалаған діни материалдарды Ақтөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 2012 жылы қаңтар айында жолаушылар пойызынан тәркілеген.

Көлік прокуратурасы жас шамалары 25 пен 30 аралығындағы төрт ақтөбелікті қылмыстық кодексінің 164-бабы бойынша айыптап, олардың үстінен сотқа шағымданған еді. Сот оларды тек әкімшілік жауапқа тартып, әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл төлеткен.

«ДІНИ ТӨЗІМСІЗДІК»

Ал бүгінгі сот сол төрт азаматтан тәркіленген діни мазмұндағы материалдар «экстремистік» деп таныды.

– Ақтөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жолаушылар Ақтөбе көлік прокурорының көмекшісі Нұрлыбек Орынбайұлы. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

Ақтөбе көлік прокурорының көмекшісі Нұрлыбек Орынбайұлы. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

пойызында тәркілеген діни мазмұндағы материалдардың арасында Ділмұрат Әбу Мұхаммед пен Сейфуллахтың уағыздары, қазақ, орыс және араб тілдеріндегі материалдар бар, – дейді Ақтөбе көлік прокурорының көмекшісі Нұрлыбек Орынбайұлы.

Оның айтуынша, полицейлер жолаушылардың бірінің – Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны Қуатқан Махамбетовтің ноутбугін тексеру кезінде pdf форматындағы «Әһлі-Сүннә ақидасы. Шейх ибн Баз» деген атауы бар және басқа да электронды материалдарды тауып, кейін ол жазбалар әділет министрлігіне қатысты сот сараптама орталығына жіберілген.

Прокурор көмекшісі Нұрлыбек Орынбайұлы «сарапшылар «Әһлі-Сүннә ақидасы. Ақтөбе көлік прокуратурасы қалалық сотқа жазған шағымның фото көшірмесі. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

Ақтөбе көлік прокуратурасы қалалық сотқа жазған шағымның фото көшірмесі. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

Шейх ибн Баз» деген атауы бар құжаттан сопылық ілімге қатысты діни төзімсіздікті тапты» деп, оған мысал ретінде электрондық мәтіннің мына тұсын оқыды:

«Сол сияқты ақиқатқа қайшы келетін ақидалардың бірі – суфизм ақидасы. Олар өздерінің кейбір әулие деп жүргендері істерді басқаруда, және әлемдегі нәрселерді басқаруда Аллаға серік болады деп ойлайды. Оларды өздеріне би қылып, немесе өздеріне оны ие қылып және жәрдемші деп немесе одан басқа да өздерінің құдайларын ойдан тапқан аттарымен атайды».

«АҚИДА»

Ақтөбе облыстық дін істері жөніндегі департаментінің директоры Бауыржан Есмаханның айтуынша, «Әһлі-Сүннә ақидасы» – «сүннет жолымен Ақтөбе облыстық дін істері жөніндегі департаментінің директоры Бауыржан Есмахан.

Ақтөбе облыстық дін істері жөніндегі департаментінің директоры Бауыржан Есмахан.

жүретіндердің сенімі» деген сөз.

– Ол экстремизмге жатпайды. Бірақ кейбіреулер ол сенімді өз танымына лайықтап, бұрмалап айтуы да мүмкін. Бұл іспен таныс болмағандықтан мен ол туралы басқа ештеңе айта алмаймын, – дейді Бауыржан Есмахан.

Оның айтуынша, дін істері жөніндегі агенттіктің ресми сайтында тыйым салынған әдебиеттердің тізімі бар. «Егер сізге біреу діни мазмұндағы кітапты сыйға тартса, ақ-қарасын ажырату үшін сайттың көмегіне сүйенуіңізге болады» деп кеңес береді Бауыржан Есмахан.

«Экстремистік» мазмұндағы материалдарды сақтады деген айыппен істі болған төрт азаматтың бірі өзін кінәлімін деп санамайтынын айтты.

– Ғаламтор діни мазмұндағы түрлі материалдарға толы. Діни мазмұны бар Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ботагөз Алмасбаева (сол жақта) өз шешімін оқып тұр. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ботагөз Алмасбаева (сол жақта) өз шешімін оқып тұр. Ақтөбе, 20 наурыз 2013 жыл.

жазбаны қазір екі телефонның бірінен табуға болады. Мемлекет ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, оны несін жастардан көреді? – деді айыпталушылардың бірі, аты-жөнін атамауды өтінген жігіт Азаттық тілшісіне.

Ал Ақтөбедегі мұсылмандарға арналған тауарлар сататын дүкеннің иесі Қарлығыш Орынбасарқызы діни кітаптарды саудаға салмас бұрын өз біліміне, одан қалды жергілікті имамның кеңесіне сүйенетінін айтады.

– Діни әдебиет саудасындағы бар қиындық ақидадан туындайды, – дейді кәсіпкер әйел.

Ақида сөзін ҚМДБ-ның ресми сайты «дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, иман негіздері» деп түсіндіреді.

«ҚАРА ТІЗІМ»

2011 жылы Қазақстанның батыс өңірінде болған бірнеше жанкештілік шабуылдан кейін құқық қорғау орындары елдің осы аймағындағы діни ахуалды ерекше қатаң бақылауға алған еді.

2011 жылы 15 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң «Қазақстан азаматтарының діни әдебиеттерді алып, пайдалануға құқығы бар болғанмен, оны тек ерекше ғимараттарда ғана, сонымен бірге облыстық стационарлық орындарда ғана тарата алатынын» ескерткен.

Дін туралы жаңа заң талқыланып жатқан кезде дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп «Қазақстанға келетін діни әдебиеттердің барлығы діни сараптамадан өтіп, тыйым салынған әдебиеттер агенттіктің сайтында жарияланады» деген еді. Ол сайтта «дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген діни мазмұндағы қазақ және орыс тіліндегі материалдар тізімі» бар. Бірақ тыйым салынған материалдар тізімін агенттік сайтынан таппадық.

2012 жылы ақпан айының ортасынан бері Астананың кітапханалары мен кітап дүкендерінде тыйым салынған діни әдебиеттердің бар-жоғы тексеріліп, екі кітап "жарамсыз" деп табылған.

Оған дейін Елена есімді Екібастұз тұрғыны Ресейдегі құрбысына поштамен Інжіл жібере алмағанын дін істері агенттігінің блогында жазып, шағымданған еді.

Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков бұдан бұрын Азаттық тілшісіне берген сұқбатында «әзірше ақ-қараны айыра алмайтын Қазақстан мұсылмандары ҚМДБ рұқсат берген Әбу Ханифа мазхабы бойынша жазылған кітаптарды ғана оқуы керек» деген кеңес айтқан.

Елдегі құқық қорғаушылардың кейбірі "адам құқын шектейді" деп, мұндай тізімнің жасалуына қарсы пікір айтады. Құқық қорғаушы Нинель Фокина "Тыйым салынған әдебиеттер қандай критерийлер бойынша анықталады? Конституция бойынша цензураға тыйым салынған ғой. Оның зиянды, зиянды еместігін кім анықтайды?" деген сауалдарға жауап жоқ екенін ескерткен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG