Accessibility links

Ақтөбеде жұма күнгі жарылыстан екі адам қаза тапты


Сол жақта - жарылыс болған үй. Оң жақтағы үй - Алмагүл Желекенова мен Аманбай Андабаевтардыкі. Ақтөбе, 29 шілде 2011 жыл.

Сол жақта - жарылыс болған үй. Оң жақтағы үй - Алмагүл Желекенова мен Аманбай Андабаевтардыкі. Ақтөбе, 29 шілде 2011 жыл.

Ақтөбе полициясының хабарлауынша, осыдан бірнеше апта бұрын болған адам өліміне қатысты қылмысты ашу барысында қалада тағы да атыс болып, бір үй жарылған.


Полицияның дерегінше, қарулы қақтығыс Ақтөбе қаласының Қызылжар аумағындағы тұрғын үйлердің бірінде түске таман болған. Олардың айтуынша, полиция осы аумақтағы бір үйді тексермек болған кезде белгісіз адамдар үй ішінен полицейлерге қарсы оқ атып, кейін үйді жарып жіберген.

ЖАРЫЛҒАН ҮЙДЕ ҚАНША АДАМ БОЛҒАНЫ БЕЛГІСІЗ

– Оқиға орнынан ер адамның денесі және кім екендігі анықталмаған жарақаттанған адам табылды. Ішкі істер департаментінің жедел өкілі Рүстем Кенжалин алған оқ жарақаты салдарынан қайтыс болды, – деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат
Арнайы операцияға қатысқан әскери техникалар. Ақтөбе, 29 шілде 2011 жыл.

Иманғалиев шілденің 29-ы күні болған брифингте.

Оның айтуынша, осыған байланысты қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Оқиға орнынан екі шолақ мылтық және атылған гильзалар алынды, – дейді баспасөз хатшысы.

Полицияның айтуынша, оларды мұнда бастап ертіп әкелген әйел – жарылған үйдің иесі – полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жарылған үйде қанша адамның болғаны белгісіз. Ақтөбе полициясының айтуынша, «өзін-өзі жарған азаматтар» шілденің 10-ы күні болған қылмысқа, яғни 22 жастағы жігіттің өліміне қатысты болуы мүмкін.

Сейсенбі күні полиция осы азаматтың өліміне күдікті үш азаматтың ұсталғанын хабарлап, төртінші күдікті – 24 жастағы Тимур Оразбековтің полициямен қақтығыста көз жұмғанын мәлімдеген еді.

«КҮДІКТІ» ҮЙДІ ДЕ ҚИРАТТЫ

Атыс салдарынан үйі қирап, төрт баласымен далада қалған Алмагүл Желекенованың айтуынша, оның үйі жарылған үймен көрші екен. Оқиға шамамен түскі сағат 11-12-лерде болған.

– Кенеттен пистолет даусы естілді. Үйден шықпай, қорқып отырдық. Біраздан кейін бомба жарылды. Жүгіріп шықсақ, көршінің үйі екен. Содан бері қарай қаша бердік. Жол жаққа қарай қашсақ, милиция, солдаттар бәрі
"Үйіміз босқа бүлінді" деген Алмагүл Желекенова мен Аманбай Андабаевтар балаларымен бірге. Ақтөбе, 29 шілде 2011 жыл.

тұр екен. Бізге «қашыңдар» деді, – дейді Алмагүл Желекенова.

Оның айтуынша, атыс шамамен 20 минутқа созылған. Содан кейін үйдің жарылғаны естілген. Алмагүл Желекенова бала-шағасымен көшеге қашқан кезде үйінің есігі ашық қалған екен. Сондықтан полицейлер «күдіктілер осы үйге де тығылуы мүмкін» деп болжап, ол үйді де тінтіпті.

– Біздің үйде де «жаңағы қашқан балалар бар ма» деп, терезеден есті тандыратын бір нәрсе лақтырған. Үйдің іші қирап қалған. Жолдасымның айтуынша, терезелер тұтастай сынған, қабырғалары түсіп кетіпті. Отыратын орын жоқ. Таңертеңнен бері төрт баламен далада жүрміз. Ең кішкентайын әлі емізіп жүрмін. Баратын жеріміз жоқ. Оралманмын. Ағайын-туғаным ешкім жоқ. Қайда қонамыз бүгін? – деп налыды Алмагүл Желекенова.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG